2030 жылға қарай Жер бетіндегі «ақылды» қалалардың саны 600-ден асады деп болжанып отыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе қалаларында «Smart City» жобасын дамыту көзделген. Қазірдің өзінде түрлі салаларда жайлылық, қауіпсіздік, тиімділік және қоршаған ортаны қорғау сынды  мәселелер ескерілген «ақылды» орта құрылып жатыр. Мысалы, Ақтөбеде «Ел Айна» жобасы әзірленді. Оның арқасында мектептер электрондық журналдар мен күнделіктерге ауысты. Ал медициналық мекемелерде электрондық денсаулық паспорттары енгізілуде.

БАТЫР ОРАЗАЛИН, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚММУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 - Алдағы жоспар – біздің ақпараттық жүйені басқа порталдармен біріктіру, ұялы қосымшалар әзірлеу, дәрігер қабылдауына онлайын жазылуды іске қосу.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Сэйф-сити» бағдарламасы әзірленген. Бұл – «ақылды қиылыстар», аялдамалар тіпті көлік қоятын тұрақтар. Тұрғын үйлердің аулаларында және қоғамдық орындарда орнатылған 7,5 мың бейнебақылау камераларынан алынған ақпарат бірыңғай талдау орталығында жинақталады.

ІЛИЯС ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - «Ақылды автокөлік» жобасы пилоттық режимде іске асырылуда. Бұл жолаушылар тасымалына қатысты GPS-мониторинг, автобустардың жүру уақыты. Бүгінде ұялы нұсқасы бар.

Қарағандыдағы «Ақылды қала» жүйесі қоғамдық көліктегі электрондық билеттер, сондай-ақ «ақылды» энергия үнемдейтін құбырлар, мемлекеттік мекемелердегі электрондық құжат айналымы сынды жаңашылдықтарды қамтып отыр. Ал Шымкентте «ақылды» технологиялар біртіндеп 11 салаға енгізілуде. Мысалы, мұғалімдерді  жұмысқа орналастыру бойынша «t-hunter» жүйесі бар, балабақшалардағы орындар электронды портал арқылы үлестіріледі. Алдағы екі жылда сумен жабдықтау жүйесі толығымен цифрландырылады. Ауыз сумен жабдықтауды басқаратын 37 автоматтандырылған түйін нүктелері орнаттылған, ал абоненттермен байланыс үшін арнайы бағдарлама әзірленді.

ЖАНАТБЕК ТҰРДАЛИЕВ, ШЫМКЕНТ Қ. СУ АРНАСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Сайт жұмыс істейді, электрондық пошта бар, whatsapp байланыс. Техникалық жағдайлар, есептегіш құралдардың көрсеткіштері, төлем жасау мәселелері бойынша тікелей байланыстамыз.

Болжам бойынша, 2030 жылы Шымкент тұрғындарының саны – 2 млн-нан асады. Ақтөбе қаласы да миллиондық шаһарға айналуы әбден мүмкін. Қаладағы маңызды нысандар туралы барлық мәлімет бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бүгінде бірнеше банк «Smart City» жобасы шеңберінде ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер