Цифрлық трансформация технологияларға ғана емес, адамдарға да қатысты болуы тиіс. INSEAD атқарушы директоры Бруно Ланвиннің айтуынша, жаңа технологиялар ғасырында бұл заман талабы. Әлемдік нарықта күн сайын артып келе жатқан бәсекеге сай болуы үшін елдер әу бастан экономиканы цифрландыруға мән берулері керек. Алайда тың технологиялардың соңында жүріп, білікті маман даярлауды ұмыт қалдырмау қажет, дейді Бруно Ланвин. Оқыту, кадрларды таңдау басты назарда болмақ.

БРУНО ЛАНВИН, INSEAD АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан цифрландыру тұрғысында дұрыс бағытта дамып келеді. Мемлекеттің нақты жоспары бар, салаға бағытталатын инвестиция көлемі де жеткілікті. Цифрландыру кезінде дарынды адамдарды тартудың маңыздылығына ерекше тоқталғым келеді. Олардың біліктіліктерін арттыруды ұмыт қалдырмау қажет. Аталмыш салада үнемі білімді шыңдап, тәжірибені толықтырып отыру керек.

Цифрландырудың бизнеске тигізетін әсерін де ұмытпаған жөн. IDC компаниясының президенті Роберт Фэриштің айтуынша, цифрлық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарымен қатар тәуекелдері де бар. Процесс автоматтандырылғаннан кейін жұмыс орындары қысқармақ. Бизнестегі бәсекелестік те арта түседі. Сондықтан өз істерін цифрлы экономика аясында құрып жатқан компаниялар жобаны сәтті жүзеге асыру үшін жаңа технологияларға көңіл бөлу керектігін түсінулері маңызды.

РОБЕРТ ФЭРИШ, IDC ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 -  Алдағы уақытта компаниялар жасанды интеллектті қолданатын болады.  Олар бар ақпарат пен мәліметтерге сүйене отыра, жылдам шешім қабылдамақ. Сондықтан әр компанияда деректерді өңдеуге бағытталған құрылым болуы тиіс. Шешімдерді дәл сол мәліметтерге сүйене отыра қабылдау керек. Менің ойымша, цифрлық трансформация ірі компаниялардан гөрі шағын компанияларда жақсы жүзеге асырылады.

Астана экономикалық форумының жаһандық пікірталас алаңына жиналған шетелдік сарапшылардың ойлары бір жерде тоғысты. Әлем цифрландырудың жаһандық процесін бастан кешіруде. Осы өзгерістерге сай болып, экономикаларын жаңғырта білген елдер табысқа жетпек. Ал бұл істі дер кезінде қолға алмағандар бәсекеге сай болмайды, - дейді олар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер