Cандық технологияларды дамыту – әлем бойынша стратегиялық басым бағыттардың  бірі. Халықаралықсарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық жүйенің үлесінде болмақ. Бүгінде дүниежүзінің 15-тен астам мемлекеті цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын  іске асыруға білек сыбана кірісіп кетті. Бірегей бастаманы ел көлемінде кешенді түрде ендіру шаралары Қазақстанда да атқарылып жатыр. Озық үлгідегі технологияларды жетілдіру қамында дамыған мемлекеттердің тәжірибесі зерделеніп, тәжірибе алмасу жиындары қолға алынған.

АСҚАР МҰСАН, «ЗЕРДЕ» ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - 2018 жылдың ақпан айының 2-сі күні Алматыда Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің форумы өтті. Басқосудың күн тәртібінде қаралған басты тақырыптардың бірі сандық технологияларды дамыту мәселелері болды. Үстіміздегі мамыр айында Астана экономикалық форумындада цифрландыру сұрақтары көтерілетін болады. Панельдік пікірталастар аясында жаһандану дәуірінде сандық технологияларға ауысу, ондағы мемлекеттік органдардың рөлі талқыланатын болады.

Тұтастай алғанда, « Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – әлеуметтің өмір сапасын жақсартып,  ұлттық экономиканы цифрландыру. Бұл орайда атқарылатын жоспар көлемі ауқымды. Құжат шеңберінде ауылды аймақтардың 80 % кеңжолақты ғаламтор желісімен, тұрғындардың 95 % цифрлық xабар таратумен қамту көзделіп отыр. Халықтың 80 % сандық технологиялар төңірегіндені сауаттылығын ашу межеленген. 

АСҚАР МҰСАН, «ЗЕРДЕ» ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ

 - «Қазпошта» базасында сандық технологиялардың оқыту әдіснамасы жүргізіледі. Онда заманауи электронды сауда жасаудың амал-тәсілдері үйретіледі. Қазақстанныңэлектронды үкіметі мелекеттік қызметтердіің электрондық түрлерін пйдалану бойынша кеңестер береді. Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қабырғасында электронды қолды алу тәртібі, онымен пайдалану және жеке мәліметтерді қорғау бойынша оқыту курстары ұйымдастырылады.  

Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын сәтті басталғанын айта кету керек. Сарапшылар дижитал инновациялардың жаппай енгізілуі ел экономикасына оң өзгерістер әкелетініне сенімді. Технологиялық төңкерістің нәтижесі қандай болмақ. Осы және өзге де сұрақтар Global Challenges Summit алаңында сарапқа салынады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер