Қазақстан-Ұлыбритания: Цифрландыру саласындағы байланыс

Қазақстан-Ұлыбритания: Цифрландыру саласындағы байланыс

Қазақстан Біріккен Корольдікпен экономиканың әртүрлі саласына цифрлық технологиялар енгізу және электронды үкімет жүйесін жетілдіру бойынша тығыз қарым-қатынас орнатпақ. Айта кетер жәйт, Біріккен Корольдік цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бойынша жаһандық рейтингте алдыңғы орындарда.

ДИНАРА ЩЕГЛОВА, «ЗЕРДЕ» ҰИХ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір бірнеше келісімдер талқыланып жатыр. Олардың бірі - Government digital services. Біз олармен мемлекеттік қызметтердің трансформациясы бойынша келісімге қол қойғымыз келеді. Біз мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету тәжірибесін жинақтағымыз бар. Сондай-ақ олардың әдістемесін үйренгіміз келеді.

Британиялық тарап жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін ерекше ынтамен қабылдады. Кембридждік компаниялар «Astana Hub» паркін дамыту ісіне қатысуға, Қазақстанда 4.0 индустриялық платформасын енгізу бойынша әріптестік жасауға ынталы. Кембридждік инновациялық кластерде 25 мың компания шоғырлағанған. Олар ауылшаруашылық және тау-кен салаларында, сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын дайындау бойынша цифрлық технологияларға машықтанған.

СЭМ БОУС, INTELLISENCE.IO КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ ЖӘНЕ БАСШЫСЫ:

 - Біз тау-кен индустриясының тиімділігін және өнімділігін арттыруға көмектесетін жобалар туралы сөйлестік. Қазақстандық үкіметпен бірге жұмыс істеу үшін біздің технологияларды жүзеге асыру бағытында мүмкіндіктер іздейміз.

Бұдан бөлек Астанада жаңа IT университет ашу мәселесі де қозғалды. Ол шетелдік университеттердің бағдарламаларын пайдалана отырып, білім беретін болады.