63 жасар Сайын Сазанбаев велосипедтің қолжетегін ойлап тапты. Бұл құрылғы велосипедшінің барлық дене мүшелерін жаттықтырады. Оның құпиясы аяқпен қатар қолдың бұлшық еттерін де іске қосуда. Сайын Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы бір қарағанда скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ оның әдісі велосипедте қолданылады. Велосипедшінің аяқтары қозғалғанымен, денесінің жоғары бөлігі қимылсыз тұратыны анық. Ал таяқтарды педальға бекітсе, екі қолмен алма-кезек жұмыс істеп, аяққа қосымша күш беруге болады. 

САЙЫН САЗАНБАЕВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Бұл құрылғының жақсы жағы – рульді ұстаудың қажеті жоқ. Адамның қолы бос болғандықтан, оны да жаттықтыруға болады. Яғни, бицепстері мен трицептестері де жұмыс істейді. Бұған қоса, пресс бұлшықеттеріне де жүктеме бар.

Өнертапқыштың жаңалығын алғаш болып фитнес-жаттықтырушылар сынап көрді. Бұған қоса, Сазанбаевтың құрылғысы қауіпсіз әрі қолданылатын таяқшалардың салмағы 700 граммнан аспайды.

ӘСЕМ МАХАМБЕТОВА, ФИТНЕС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

 - Өте жақсы ойлап табылған нәрсе екен. Адамның аяқ-қолдары бірдей қимылдайды. Әсіресе әйелдерге пайдалы. Өйткені рульді ұстап тұрғанда, денеміз, қолдарымыз қимылдамайды. Ал бұл тренажерда бәрі ойластырылған.

Өнертапқыш бұл жаңалығын «Qazaq Biking» деп атаған. Бүгінде Әділет министрлігінен 3 патент алған. Болашақта ел арасында насихаттап, өзінің жобасын коммерцияландыруды көздеп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер