Медиа саласындағы блокчейннің әлеуеті

Цифрлық жүйе мен сандық тұғырнама, голографикалық кино, иммерсивті журналистика. Бұл көпшілікке аса таныла қоймаған терминдер медиа ойыншылар үшін күнделікті қалыпқа енген үйреншікті сөздер. Мәскеуде «Connected Future» III халықаралық форумында бас қосқан сарапшылар телевизия саласының заманауи техникалық жаңғыруы төңірегінде ой өрбітті. Шараға 200-ден астам компанияның 450-ге тарта өкілі қатысты. Жиында телеөнімнің нарықтағы тиімділігін арттыру әңгіме өзегіне айналды. Бұл киберспорт пен видеоойындарға да тікелей қатысты. Медиа индустрияда блокчейн технологиясын кеңінен ендіру мәселесіде назардан тыс қалған жоқ.

ЕВГЕНИЙ СОЛОМАТИН, «CONNECTED FUTURE» ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Көп салалы блокчейн бүгінгі заман қажеттілігі болумен қатар, бұл технологияны бірқатар өндірісте пайдалану аса ыңғайлы әрі тиімді. Бұл бағалы қағаздармен жасалатын транзакция, жарнама авторлық құқық пен күрделі пайда диструбуциясына қатысты. Блокчейн технологиясы  көп жағдайда тұтынушыға белгісіз болғанымен нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұл жаңашылдық алдымен телеөндіріс пен жарнама жасаушылардың қызығушылығын тудыратыны айдан анық. Ал аудиторияның сұраныснын арттыру видеоны онлайн тамашалаудың  құнымен қол жеткізу көзделіп отыр.

ГЕРАСИМ ГАДИЯН, VINTERA.TV КОМПАНИИСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз қазір блокчейн технологиясының негізінде көрерменге өнімді тамашалаған уақытына сай қосымша төлем жасау жағын қарастырып жатырмыз. 2025 жылға дейін мобильді жүйенің 75 пайызын видео және телевизиялық өндіріс өнімі құрайды деп күтілуде. Сондықтан жиында осы мәселелер көтеріліп отыр. Себебі бігінгі таңда теле арналар мен сала қызметінің көп бөлігін кез-келген құрылғыдан тікелей эфирден көруге болады.

Сарапшылардың пайымдауынша медиа салаға белсенді әрі кешенді түрде ендіріліп жатқан иновациялар алдағы жылдан өзектілігі арттырып жемісін бере түседі.