Алматыда «INFOМATRIX – ASIA» VI халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті

Алматыда «INFOМATRIX – ASIA» VI халықаралық  компьютерлік жобалар байқауы өтті

Жаңа технологияларды өміріне серік еткен жастар. Сүлеймен Демирел университетінде «INFOМATRIX – ASIA» VI халықаралық  компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа Орталық Азия елдері, АҚШ, Еуропа және Африка құрлығынан келген жас ғалымдар қатысты. Олар математикалық жобалар, робот техникасы, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйелері, қысқамертлік фильмдер және дрондар жарысы сынды жеті бағытта сынға түсті.

АХМЕТ ТАШКЫН, ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Бұл дронды толықтай қолдан жасалған деуге болмайды. Әртүрлі бөлшектерін ғаламтор арқылы тапсырыс беріп алып, құрастырдым. Негізгі платаны және басқаларын жеке-жеке сатып алдым. Дрондар жарысына жаұсы дайындалдым.

Сайысқа әлемнің 15 елінен 450 оқушы қатысты. Жүзден жүйрік шыққан жоба авторлары Сүлеймен Демирел университетінде оқу грантына ие болады. Алайда халықаралық жобаның көздеген басты мақсаты – жастардың ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлігін шыңдау, өзара ынтымақтастықты аттыру әрі Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін қалыптастыру.

МЕЙІРБЕК МӘЖИТОВ, СҮЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Осы болашақты одан әрі дамыту бұл маңызы зор. Өйткені, оқушыларымыз өз жобаларын тек қана Қазақстандық емес, шет елдік әріптестерімен пікірлесіп, тәжірибе алмасып, білім алмасып, осы екі күннің ішінде Үлкен бір пікір алмасу болады.

Халықаралық жоба 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылып келеді. Атап өтерлігі, осы уақытта 300-ден аса өнертапқыш байқауда жеңімпаз атанып, мемлекеттік білім гранттарын иеленген.