Қазақстан Қытай компанияларымен ІТ саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді. Бұл туралы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жетекшісі  Боао форумының алаңында берген сұхбатында айтты.   Қайрат Келімбетовтың айтуынша, бүгінде ел ішінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр. Дегенмен электронды коммерция саласындағы  жобалар енді ғана қарқын алуда. Осы ретте АйТи индустрияның қытайлық көшбасшыларымен серіктестік орнату цифрландыру бағытының жедел дамуына сеп болмақ.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Қытайлық компаниялардың озық технологиясын меңгеру біз үшін тиімді. Tencent секілді компаниялар озық жаңа технологиямен жұмыс істейді. Немесе «WeChat» мессенджерімен түрлі қызметтерге төлем жасай аламыз. Менің ойымша, мұндай технология біздің болашағымыздың қарқынды дамуына, қаржы секторы жұмыстарының едәуір өсуіне, адамдардың өмір сүру дағдығысын жеңілдететініне сенімдімін. Біз қытай компаниясымен өзара ынтмақтастығымызды жарастырып, нарыққа қытайлық интернеттің келуіне жағдай жасаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер