Халықаралық сарапшылар отандық мамандарға заманауи ақпараттық технологияларды оқытпақ - Kazakh TV

Жыл соңына дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік және жеке сектордың қызметкерлері оқытылатын болады. «Зерде» ұлттық холдингі әлемдік нарықта IT саласындағы жетекші компаниялардың бірімен осындай келісімге келді. Меморандум аясында халықаралық сарапшылар жергілікті мамандарды бес жыл қатарынан заманауи үлгідегі ақпараттық технологиялармен жіті таныстыратын болады. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес мектептер мен жоғары оқу орындарында компютерлік бағдарламалар құрудың даярлық курстарын ұйымдастыру көзделіп отыр. Тараптар IT саласындағы стартап жобаларға арналған зертханалар ашу жөнінде де уағдаласты.

РУСЛАН ЕҢСЕБАЕВ «ЗЕРДЕ» ХОЛДИНГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Студенттер мен қызметкерлердің саланың заманауи үлгідегі құрылғыларымен іс жүзінде танысуы аса маңызды. Олар жай ғана серверлік жабдықтар ғана емес. Мәселен, түрлі сенсорлық құрылғылар арқылы олар өз ойларымен бөлісетін болады.

Жалпы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында соны үлгіге негізделген 140 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сарапшылардың пайымдауынша 2025 жылдан жалпы ішкі өнім өсімінің үштен бірі  сандық технологиялардың үлесінде болмақ. Бұл орайда әлемнің озық тәжірибелерін ендіріп халықаралық әріптестікке мән берген жөн дейді, мамандар. 

ВЯЧЕСЛАВ САМОЙЛЕНКО, IT МАМАНЫ:

- Егер де желілік технологиялар бойынша айтатын болсақ , осы салада аса өнімділігімен танылған вай фай шешімдерін ұсынып отырмыз. Менің қолымдағы ақпарат ағынын жылдамдататын құрылғы секундына екі жарым гигабайт көлеміне дейінгі мәлімет  таратуға қауқарлы.  Сондай-ақ,  Цифрлық Қазақстан жүйесіне мередиан жүйесін қолданған тмімді болады. Ол смартфонның көмегімен  нысандардың ішінде навигациялық қызмет көрсетуге арналған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер