Ауыл шаруашылығы саласында 101 қызмет цифрлы жүйеге көшеді - Kazakh TV

Қазақстанда 2019 жылы ауылшаруашылық өнімдерін егістіктен тұтынушыға дейінгі кезеңін қадағалау жүйесі еңгізіледі. Ал биылдан агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жаңғырту аясында бірқатар мемлекеттік қызмет цифрлық жүйеге көшеді. Жоспар бойынша саладағы электрондық қызмет түрлерін 101-ге жеткізу міндеті тұр. Алдағы уақытта олар еліміздің 6 өңіріндегі шаруа қожалықтарына ендіріліп, қанатқақты жоба негізінде іске асады. Заманауи жаңашылдықтарды жер емген шаруалар ісінде кәдеге жарату бәсекеге қабілеттікті артырумен қатар елді-аймақтағы өндіріс шығынын 25 пайызға азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар. 2025 жылға дейін аграрлық саланы цифрландырудың экономикалық тиімділігі шамамен 40 млрд теңгені құрамақ. Тиісті ведомство бұл тұрғыда ІТ-компаниялардың жобаларын қарастыруға әзір.

АРМАН ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- ІТ-бизнеске айтып отырмыз дәл осы субсидияны, немесе басқа да қызметтер, субсидиялар бар. Әрқайсысына бір емес, екеу, үшеу бола ма, он бола ма, нарыққа ұсыныстарын беру керек. Ол үшін базаның кодтарын ашып береміз. Сол жерде бағдарламаны іске асыру үшін жобалық офисті біз  құрдық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер