Қазақстан әскерін модернизациялау - Kazakh TV

Қазақстан армиясы дамудан модернизация жолына түсті. Республиканың Қарулы Күштерін тиімді басқару мақсатында «Цифрлық армия - 2020» атты арнайы бағдарлама әзірленгені белгілі. Жоба аясында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылып, Қорғаныс министрлігінің сандық ғылыми-тәжірибелік базасын дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы әскери-ғылыми хаб қалыптастыру көзделген.

СӘКЕН ЖАСҰЗАҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

- ХХІ ғасырда әскери іс-қимылдарды жүргізу әдістері өзгерді. Біз әскери кафедраларда киберқауіпсіздік, әскери журналистика мамандарын дайындау бағыттарын аштық. Аумақтық әскерлерге қажет маман дайындауды қолға алдық.

Кадр даярлау сапалық тұрғыдан қайта ұйым­дас­тырылып, заманауи армия талаптарына сәйкестендірілді. Бүгінгі күні қазақстандық әскери оқу орындарында өз жастарымыздан басқа, өзге мемлекеттердің студенттері де білім алып жатыр. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір Орталық Азия елдерінен және алыс-жақын шет елдерден келген кадеттерді оқыту жұмыстары жолға қойылған.

СӘКЕН ЖАСҰЗАҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

- Біздегі ЖОО-нда Тәжікстан, Қырғысзстан, Армения секілді басқа елдерден келген әріптестеріміз білім алып жүр. Шетелде білім алуға келсек, біз басқаша міндет жүктейміз. Біздің әскерилер әскери білімнің негізін елден алады да, Ресей, Америка, Еуропа елдері, Қытай, Үндістан секілді елдерден 2,3,5 айлық тіпті, жарты жылдық курстық дайындықты үйреніп, оқып келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер