Андроинд әуесқойлары арасындағы ауқымды шара. Қарағандыда өткен Роболэнд-2018 халықаралық роботехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне Қазақстан, Ресей, Польша, Қырғызстан елінен 800-ге жуық команда келді. Биылғы сайысқа мектепке дейінгі жастағы балалар да қатысты.

Мына Соня атты билейтін робот – Ресейдің Томск қаласынан келген оқушылардың қолөнері. Ол халықаралық фестивальде көпшіліктің назарын өзіне аударды. «Механикалық қыз» баспен тұрады, шпагатқа отырады, түрлі акробатикалық этюдтерді орындайды.

ВЛАДИСЛАВ ЖАРЧИНСКИЙ; ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ /ТОМСК/:

 - Робототехникада өзіміздің деңгейін жоғарылатуға ұмтылып жатырмыз. Біз роботты басқаратын тетіктерді ойлап тауып, қосымша бөлшектерін құраймыз. Бұл робот тек билеп қана қоймай, көп сайыстарға да қатысатын болады. Қазір осы мүмкіншіліктер бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

Сайыстың тапсырмалары қатысушылардың жас тобына байланысты күрделіленіп отырды. Егер жоғары сынып оқушылары футбол командасын жинақтаса, мектепке дейінгі балаларға роботты жинау тапсырмасы жүктелді.

ЕСБОЛ ӘРІНОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Біз сайысты 32 номинация бойынша өткіземіз. 2015 жылы байқауға қатысушылардың саны небәрі 70-тен аспаған еді, ал биылғы жылы 1600-ге жуық қатысушы өз бақтарын сынады.

Атап өту керек, «Білім беру робототехника» жобасы аймақта төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Қазір облыстағы 200-ден астам мұғалім робототехника саласын дамыту мақсатында арнайы курстан өтті. Білім беру мекемесінің мәліметінше, ағымдағы жылдың соңына дейін 500 мектептің барлығында роботтық зертханалар ашу жоспарланып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер