Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында электронды оқу залы ашылды - Kazakh TV

Процестерді цифрландыру – заман талабы. Жаңа технология үйден шықпай-ақ, виртуалды кітапхананы кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді. Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында электронды оқу залы ашылды. Онда жарты миллионнан астам құнды еңбектің электронды нұсқасы бар. Қазақстанның әр аймағындағы оқырмандар әлемдегі барлық кітапханалардың қорына кіріп, мұрағаттағы сирек қолжазбаларды да оқи алады.

ҚУАТЖАН УӘЛИЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

 - Әр кітапты немесе манускриптті қалпына келтірген соң, біз сирек кітаптарды цифрландыруға көшеміз. Бұл өте көне және сирек кітаптар. Арасында жалғыз ғана түпнұсқасы қалған кітаптар да бар. Оны біз осы орталығта сақтаймыз.

Оқырмандардың өздеріне қажетті ақпараттың электрондық нұсқасын көшіріп алуға мүмкіндігі бар. Осындай электронды оқу залдары жақын келешекте еліміздік барлық кітапханаларында ашылады. Мысалы, Оралдағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап бар. Ондағы әдебиеттерді электронды форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Енді қордағы кітаптарды санаулы уақыт ішінде тауып алуға болады. Сонымен қатар, оқырмандар ұялы телефондары мен гаджеттеріне жүктеп алып, оқи алады.

САРА КЕНЖЕБАЕВА, КІТАПХАНАШЫ:

 - Ол кезде менің түсінігімде кітапханада кітап беріп кітап алып шығарып салып отырады деген түсінікте едім. Бірақ та кітапханада технологиялық жағынан жұмыс процестері  өте қиын этаптардан өттім десем болады. Кітаптың сөреге жетуінен оқырмаған жетуіне дейін үлкен технологиялық процестерден өтеді.

Кітапханада бірінші кезекте каталогтар, одан соң кітаптар электронды форматқа көшірілуде. Әдебиет жауһарларының цифрлық нұсқасын қазірдің өзінде Оралдағы аялдамалар мен вокзалда орнатылған виртуалды кітапханадан көруге болады. Ендігі кезекте штрих-кодтар оқу орындарында орнатылмақ.

ШОЛПАН ОРАЗАЕВА, ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір кітаптханада 3 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа айналдырылған. 300 мыңдай кітап сандық қорына айналдырылады.

Батыс Қазақстан облыстық кітапханасы мамандандырылған орталықтар рейтингінің алғашқы бестігіне енді. Жалпы қорда 5 миллионнан астам кітап бар. Ал тұрақты оқырмандар саны 300 мыңнан асады. Гаджеттер мен виртуалды қатынас заманында да кітапқа деген сұраныс азайған емес.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер