Өнеркәсіп пен мұнай-газ саласындағы 25 ақтөбелік кәсіпорында модернизациялау мен цифрландыру шаралары жүргізілмек

Өнеркәсіп пен мұнай-газ саласындағы 25 ақтөбелік кәсіпорында модернизациялау мен цифрландыру шаралары жүргізілмек. Биыл батыс өңір осы мақсатқа 38 миллиард теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бағдарлама алдағы бірнеше жылға есептелген. Ал 2021 жылға дейін шамамен 100-ге жуық компанияны жаңартуға 500 миллиард теңге бағытталмақ. Мысалы, аймақтың қала түзуші кәсіпорындарында хром қоспаларының өндірісін жетілдіру мақсатында инновациялық сутекті қозғалтқыштар іске қосылады. Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы хром қоры бойынша әлемде көш бастап тұр. Бұдан бөлек, аймақта ЕХРО 2017 халықаралық көрмесінің 18 инновациялық технологиясын енгізу жұмыстары да жүріп жатыр. Зауыттар қайта жаңартылатын қуат көздеріне ауысады.

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - 2018 жылы 25 кәсіпорынға қосымша жаңғырту жүргізіледі. Ауқымды жоспарды іске асыру үшін 35 млрд теңге жұмсалады. Облыс билігі мен ірі компаниялар арасында бірлескен жол картасы жасалды. Яғни, қай өндіріске қандай жабдық алынатынын біліп отырамыз. Бұл мамандарды

Облыстағы кен байыту комбинатында да елеулі өзгерістер жүргізілмек. Кәсіпорын мыс және мырыш кендерін өндіру мен өңдеуге маманданған. Мұнда өткен жылы 5 миллион тоннадан астам мыс концентранты өңделді. Ендігі жоспар – 2019 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есе арттыру.

АРТЁМ БОРОДУЛИН, КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Жаңғыртудың нәтижесінде жаңадан жабдықтар алынады. Яғни, мыс концентратының көлемі ұлғаяды. Өндіріске енгізілетін заманауи технологияны басқару жүйесі компьютерге көшеді. Бір тетікті басу арқылы бар жұмысты атқаруға болады. Есесіне, шығарылатын өнімнің өзіндік құны арзандайды.

Аймақта былтыр 20 өндіріс ошағы жаңғырту үрдісінен өтті. Компаниялардың еңбек өнімділігі өсіп, бәсекеге қабілеттілігі артқан. Ал ең бастысы – өнімнің өзіндік құны төмендеді, дейді мамандар. Олардың пікірінше, кәсіпорындарды жаңғырту және цифрлландыру өңірдегі өндірісті әртараптандырудың кепілі болмақ.