Қазақстан Беларусь Республикасымен цифрлық технология саласында әріптесе жұмыс істемек. Беларусь елінің силикон алқабы. Минскдегі инновациялық орталықты осылай атауға болады. Бұл жоғары технологиялар паркінде техникалық және инженерлік бизнес-жобалар жүзеге асырылады. Белоруссияның инновациялық идеяларды дамыту моделі Қазақстаннан арнайы барған делегаттардың қызығушылығын тудырды.

АЛЕКСЕЙ АНИСИМОВ, «ЗЕРДЕ» ХОЛДИНГІ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгін біз бірнеше бастамаларды бағамдап көрдік. Жоғары технологиялар паркі жүзеге асырып отырған бірқатар жобаларды, Қазақстан ақылды қала бойынша іске асырып жатыр. Мұндағы кейбір идеяларды қазірдің өзінде  біздің ел толықтай қолданып жатқанын атап өткен жөн.

Айта кету керек, Жоғары технологиялар паркінде әлемге танымал көптеген компьютер ойындары мен түрлі бағдарламалар, мобильді қосымшалар ойлап табылған.

АЛЕКСАНДР МАРТИНКЕВИЧ, «ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ ӘКІМШІЛІГІ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елдеріңіздегі AstanaHUB жобасын құру  бастамасын естідік және біз оны  толықтай қолдаймыз. Біз Қазақстан мен  етене-раласып отырған елдердің біріміз. Және осы сапардан кейін біздің стартаптарға көрсетілетін Инката компаниясының қызметі Қазақстанда да құрал-жабдық ойлап табатын кәсіпкерлер тарапынан сұраныста болады деген сенімдемін.

Сарапшылардың пікірінше, жоғары технологиялар саласындағы әріптестік Қазақстан үшін де, Беларусь тарапына да бірдей тиімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер