Қытайда Кедендік қызметтегі жаңа инновациялар талқыланды - Kazakh TV

Кедендік қызметтегі жаңа инновациялар Қытайдағы аталмыш саланың өкілдерімен бірге талқыланды. Халықаралық форумға Қазақстан, Бельгия, Түркия, АҚШ, Жапония елдерінің кеден қызметкерлері қатысты. Әлемнің жетекші компаниялары жолаушылар жүгін тексеру технологиясына қатысты ұсыныс тастады. Осы орайда Қазақстанның кеден қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар республика аумағындағы ішкі логистиканы бақылау мен басқарудың бірыңғай платформасын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұрын 5 қызмет жеке-жеке жұмыс істеп, тексеру уақыты созылып кететін. Енді жаңа бірыңғай платформа осы олқылықтарды болдырмай, міндеттелген жұмысты бар-жоғы 3 минутта бітіреді.  Осы салада Қазақстан қытайлық Нактек (Nuctech) компаниясымен әріптестікті кеңейтпек. Аталмыш компания бұған дейін еліміздің шекара бекеттеріне 26 үлкен инспекциялық-тексеру кешенін орнатқан еді. Қазіргі уақытта жоғарғы технологиялы қауіпсіздік құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты Ақтөбеде салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

У СЯНХАО, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан - «Бір белдеу, бір жол» стратегиясындағы маңызды транзиттік ел. Сондықтан көліктік қатынас пен кедендік бақылауды жеңілдетуге назар аударып келеді. Соңғы жылдары біздің компания қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, кеден қызметін заманауи техникамен жабдықтауға белсене араласты. Мәселен, көліктерді кедендік бақылаудан жылдам өткізетін контейнерлерді сканерлейтін құрылғылар орнатты. Бұл жабдықтар заңсыз тауарлар мен тыйым салынған заттарды анықтауда тиімділігін көрсетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер