Қызылордалық студенттер алғашқы «Ақтөс» атты робот ит жасап шығарды - Kazakh TV

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті IT мамандарын даярлауға ерекше басымдық беріп отыр. Аталмыш оқу орнының студенттері алғашқы роботтарын да жасап шығарды. Мына төрт аяғын тең басқан робот итті жас ғалымдар «Ақтөс» деп атапты. Әзірге ол итке тән қимылдарды жасай алады. Алдағы уақытта иісті, жарықты, дыбысты, температура мен адамдардың бет-әлпетін ажырату секілді мүмкіндіктері арттылады.

СӘБИТ ИБАДУЛЛА, ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бұл жерде біз студентке роботтың не екенін, қайдан шыққанын, қалай жасалатынын барлығын үтір-нүктесіне дейін көрсету арқылы түсіндірдік. Бұл жерде 3D принтерді келістіре отырып, бірге жұмыс жасадық, яғни 3D арқылы роботтың денесін жасап, кейін робототехника жайында схемасын жасап, екеуін ұштастыра отырып, Ақтөс роботын жасап шығардық.

Айта кетейік, университеттің оқу процесі E-univer порталы арқылы автоматтандырылған. Ал университеттің IT мамандары әзірлеген бағдарламалар оқу жүйесіне енгізілді. Болашақта республикалық білім беру және спорттық роботтық техника федерациясымен бірлесе отырып университет басшылығы «Смарт музей» жобасын жүзеге асырмақшы. Сонымен қатар Татарстандағы Иннополис инновациялық қаласымен де келісім шарт жасасты. Онда қазақстандық студенттер осындағы ең үздік университетте білім алады. Мұндай тәжірибе алмасу цифрлық болашақты бұрынғыдан жақындата түседі.

БАҒДАТ КАМБОЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 - Алдағы уақытты негізгі бағыттардың бірі болып, осы мектеп бітірушілерімізді IT мамандардықтарына бағыттау болып саналады. Өз кезегінде осы ағымдағы жылы, қаңтар айында Татарстан Республикасының Иннополис институтында 20 маманды дайындауға келісім жасалып отыр.

Бүгінде АйТи технология медицина, құрылыс саласы, білім беру ісі мен өнеркәсіпте кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, Қызылордада ақпараттық технологиялар мамандары кәсіпорындарды интеграциялау үшін IT-тоқсанының құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қала «Смарт сити» концепциясын жүзеге асыру жоспарын енгізді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер