Қазақстан медицина саласында жетістікке жетіп келеді. Отандық дәрігерлер заманауи технологияға негізделген құрал-жабдықтар мен методиканы белсенді түрде меңгеріп жатыр. Ұлттық ғылыми кардиология орталығы мамандары жасанды жүрек трасплантациясын жасады. Кәнігі мамандар 60 жастағы павлодарлыққа екінші өмір сыйлады. Кардиохирургиялық ота француздық жаңа технология мен білікті мамандардың арқасында нәтижелі болды. Соңғы 6 айдағы ғылыми зерттеулерге сүйенсек, әлемде мұндай операцияның 20-сы жасалынбақ. Жүректі толығымен алмастыруды бірінші боп жүзеге асыруға бес мемлекет бәсекеге түскен.

ЮРИЙ ПЯ, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл жай ғана жасанды жүрек емес, бұл емделушілерге үміт сыйлау. Өйткені оның қасиеттері адам ағзасының қалыпты жағдайдағы жұмысына сай келеді.

Жүрек алмастыру операциясы медицина орталықтарында және шетелдік мамандар арасында талқыға түсті. Украиналық кардиологтар бұл операцияның біздің елде сәтті жүзеге асуы білікті мамандар мен сапалы дәрілердің көптігігенен дейді.

ВЛАДИМИР ЖОВНИР, УКРАИНАДАҒЫ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 - Жасанды жүрек имплантациясын жасаудың әдіс-тәсілін шебер меңгерген қазақстандық әріптестерімді құттықтағым келеді, бұл - елдегі медицина саласының жоғарғы көрсеткіші. Астанадағы ұлттық кардиология орталығы осындай отаның түрін жасау арқылы – саланың әрі қарай дамуына себепкер болады.

Еліміздегі денсаулық саласының дамуы медициналық туризмнің қанатын жаюға мүмкіндік беріп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, біздің елге Үндістан, Чехия, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай елінен келіп емделушілер көп екен. Медициналық қызмет көрсету нарығына өзге елдің азаматтарынан ұсыныстар түскен. Олардың Қазақстанға келудегі мақсаты– күрделі операция жасайтын білікті мамандардың жеткілікті болуы.

ФАРИДА ВОРКМЭН, АҚШ ТҰРҒЫНЫ:

 - Емдеу шараларын бастамас бұрын көптеген ақпараттарды оқып, Алматыны таңдадым. Себебі, бұл аурухана дәрігерлерінің  тәжірибелері бар. Екіншіден, мұнда мені қолдайтын жақындарым көп. Сонымен қатар, осындай операцияны жасату АҚШ пен Кореяда екі есе қымбат.

Сарапшылардың айтуынша, еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуы мен медициналық туризм мемлекет бюджетіне 10 млрд теңге пайда түсіреді. Ең бастысы - күрделі операциялардың емделушінің денсаулығына зиян келтірмейтін әдістермен жасалуы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер