Жаркент крахмал-сірне зауыты сандық технологияның арқасында экспорт көлемін артты

Жаркент крахмал-сірне зауыты сандық технологияның арқасында экспорт көлемін артты

Цифрлық технология өндірістік қателіктер мен негізсіз шығындарды болдырмайды. Сондықтан да отандық кәсіпорындар жаңа инновациялық тәсілдерге басымдық бере бастады. Мәселен, Алматы облысының Панфилов ауданындағы крахмал-сірне зауыты толық автоматтандырылған. Түріктің соңғы технологиясымен жұмыс істейтін өнеркәсіп орнында жүгерінің 10 түрі шығарылады. Ал мұндағы негізгі өнім – крахмал мен сірне.

ӘЛИЯ МҰҚАНОВА, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Күнделікті 90 тонна сірне шығарамыз, 90 тоннадай крахмал шығарамыз. 2017 жылдан бастап біз жаңа өнім шығаратын болдық глюкозно-фруктовый сироп және лимон қышқылын шығарамыз.

Сандық технологияларды өндіріске енгізгу экспортқа да серпіліс берді. Бұл күндері зауыт өнімін көршілес Ресей  мен Азия елдерінің нарығына жөнелтуде. Зауыт басшылығы Еуропа елдерімен қоса Түркия және Ресейдегі ғылыми орталықтармен тығыз қарым-қатынас орнатыпты. Демек бәсекелестік арта түсті.

АДЛЕН АМАНЖАНОВ, ЗАУЫТТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің өнімдеріміздің 60 пайызы экспортқа бағдарланған. Қалған 40 пайызымен ішкі нарықтың сұранысын өтейміз. Қазір көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанға, Тәжікстанға және Ресей Федерациясына өнім экспорттап отырмыз. Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасына өнім шығаратын боламыз.

Кәсіпорын жылына 350 мың тонна жүгері қабылдап, өңдей алады. Әзірге мұнда 200 мың тоннадай жүгері  өңделіп жатыр. Бұл жергілікті шаруа қожалықтары үшін де өте қолайлы болды. Олар жинаған өнімдерін алысқа апармай, осы зауытқа өткізеді.

ӘДІЛЖАН ҚОЖАМБЕРДИЕВ, СЕРВИСТІК-ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз крахмал сірне зауытымен жұмыс істейміз. Олар бізге көмек көрсетеді ақшалай. Біз 130 кішкентай-кішкентай шаруашылықтардың басын біріктіріп, соларға көмек жасап, бәрін алып береміз. Өзіміз айдап, өзіміз сеуіп, күздің күні урожайын өткізгеннен кейін ақшасын береді.

Кәсіпорын шаруашылықтарды тұқыммен, түрлі тыңайтқыштармен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді. Былтыр Панфилов ауданындағы 130 шаруа қожалығы бірігіп, сервистік дайындау орталығын құрыпты.