Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде IT HAB зертханасы ашылды - Kazakh TV

Елбасы жолдауындағы «Цифрлық Қазақстан» жобасы асында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде IT HAB зертханасы ашылды. Енді өңірдегі кәсіпорындарда да IT технологиялар мен инжинирингтік қызметтер қолжетімді болмақ. Ақпараттық технологиялар саласында түрлі жобалар жүзеге асырылып, студенттер білімін шыңдай алады.

ЕРНҰР ОРАЛБЕК, ПМПУ-НІҢ 1 КУРС СТУДЕНТІ:

 - Осы лабороторияда осы компьютер класы біз мұнда тестер жабамыз, кіріп сабағымызды істей аламыз. Былай айтқанда жақсы кабинет, ұнайды біздерге. Студенттерге өте тиімді.

Павлодардағы жоғарғы оқу орындарындағы тың серпіліс, озық операциялық жүйелер мен соңғы үлгідегі техникаларды меңгеруге мол мүмкіндік береді. Сәйкесінше, оқу орнында IT қауымдастық құрылып, жастар жинаған тәжірибелер көптің талқысына салынып жатыр. 

АЖАР ЖОЛДАСБЕКОВА, ПМПУ-НІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ:

 - Ақпараттық технологиялар оқу үрдісін жеңілдете түседі. Білімге деген құштарлығымыз артты. Оқытушылармен байланыс орнады. Кез-келген ақпаратқа  жеңіл түрде қол жеткізе аламыз.

Енді IT HAB  базасында кәсіпорындардың жұмысын ақпараттық технологияларға көшіріп, аймақтағы өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнату міндеті тұр. Сонымен қатар, конструкторлық жүйе құрылып, онда жас ғалымдар болашақтың  құрылғыларын  жасамақ.

АЛЕКСАНДР СВИДЕРСКИЙ, ПМПУ-НІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

 - Ағымдағы жылы техникалық қамтамасыз ету деңгейінде  зертханалар фабрикасын жасақтаймыз. Бұл  3D принтинг, 3D сканер, және цифрлық бағдарламалармен басқарылатын құрылғылар. Олар қолданыстағы СТАРТ АП орталығындағы  шағын сериалы өндірістер үшін қажет болады.

IT HAB зертханасы 3D-принтер және  3D- сканерлерімен толығып, орталықта жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі арта түседі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер