Шығыс Қазақстанда металлургиялық кәсіпорындар сандық жүйеге көшеді

Шығыс Қазақстанда 13 жоба жаңа технология бойынша жүзеге асып жатыр. Жерасты кен орындарына жүргізушісіз басқарылатын техникалар қолданылса, металл балқытатын пештерді арнайы робот машиналар қадағалайды. Өскемендегі техникалық университетке де темірді жонуға арналған 3Д принтерлі станок орнатылды. Қондырғының көмегімен тантал мен титаннан медицина саласына қажетті түрлі импланттар жасалынады. Ал станок толық іске қосылған соң, кез келген металды дәл кесіп, пішіндей алады.

АМАНЖОЛ ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ, 3-КУРС ДОКТОРАНТЫ:

 - Бұл машинаның ерекшелегі ол зертханалық және зерттеу жұмыстарына арналған, машина. Бізде Шығыс Қазақстан облысы ол металлургия орталығы болғандықтан және де металлургия жаңа ұнақты метллургияға көшпекші. Бұл аз нәрсені қымбат бағаға сатпақшы. Бұл тұрғыда сынықтарын өткізу жұмыстары осы 3Д принтер аясында іске асырамыз.

Заманауи қондырғы өндірістің қарқынын арттыра түседі, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін де маңызды болмақ. Аймақтағы Малаеев кенішіне барлық жұмысты автоматты түрде жүзеге асыратын қондырғы орнатқан. Ол ең төменгі қабаттағы бұрғылау жұмыстарын арнайы бағдарлама көмегімен атқара береді. Яғни бұл өңірдегі бірқатар жобалар инновациялық жүйемен жүзеге асып жатыр.

РОБЕРТ КУЦ, ӨНДІРІСТЕГІ ЖҮЙЕЛІК ОПЕРАТОР:

 - Кенішті  толық автоматтандырылған жүйеге шамамен 2018 жылдың алғашқы тоқсанында көшеміз деп жоспарлап отырмыз. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар сынақтап өтіп жатыр. Ал кенді тасымалдау  100 процент автоматты жүйеге көшірілді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыста алдағы 7 жыл ішінде тау-кен саласындағы өндірістер жалпы цифрландыруға көшпек.  Ол үшін  2025 жылға дейінгі цифрландырудың  өңірлік жол картасы жасалды.

МАҚСАТ МҮСӘПІРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Цифрлы шығыс жобасының жоспарына өнеркәсіп, эенергетика, ауыл шаруашылығы және тағы басқа, салаларда 46 іс шара енгізілді.  Өнеркәсіптерді  технологиялық модернизациялау жол картасы бекітілді. Аталған жол картаға сәйкес 15 миллиард теңгеден астам 13 жоба енгізіліп отыр.

Цифрлық жүйеге құрылған 13 жоба толық жүзеге асқанда өндірістегі өнімділік аз дегенде 5 пайызға артпақ. Бір ғана метталлургия зауыты 5 жылда 11 миллиард теңге  үнемдейтін болады.