Қазақстан мен Оңтүстік Корея IT технологияға қатысты жобаларды бірлесе атқармақ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты жобаларды бірлесе жүзеге атқаруға ниетті. Бұл туралы оңтүстіккореялық айти технологияларды дамыту Агенттігіне  Қазақстан елшілігінің өкілдері барғанда айтылды. 2009 жылы құрылған мемлекет орган АҚШ-пен, Еуропа елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерімен әріптестік орнатқан. Бүгінде олар интернетке қосылатын құрылғылар, 3Д баспа-цифрлық контент, бұлтты құрылғылар сияқты қызметің сапасын арттырумен айналысады. Дипломаттар елдегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын корейлік компанияларға таныстырып, оларды әріптес болуға шақырды. Осы сұрақтар төңірегінде жақын арада арнайы келіссөздер өтетін болады.  

ЛИ КЁНГ ХВАН, IT-ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының ақпараттық желіні ұлғайтуға және электрондық қызметтерді ұсынуға бағытталғанын білемін. Аталған салада екі ел арасында әріптестік орнайды деп үміттенемін. Осы жылдың басында Оңтүстік Корея әлемде алғаш рет 5G қызметін ұсынады. Біз Қазақстанмен SNS қызмет көрсету мен іздеу жүйесін дамытуда өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.