Аграрлық технологияны дамыту - ғылым үшін де, ауылшаруашылығы үшін аса маңызды - Kazakh TV

Аграрлық технологияны  дамыту - ғылым үшін де, ауылшаруашылығы үшін аса маңызды. Қостанайлық ғалымдар осы бағытта бірнеше инновациялық жобаны өндіріске енгізуге әзір. Бір ғана ғылыми-инновациялық орталықтың өзінде 8 биопрепарат жасалған. Солардың бірі өсімдік ауруының алдын алатын препарат. Енді шаруалар тат, септериоз сынды кеселдердің кесірінен шығынға батпайды. 

СӘБИТ ҚОҚАНОВ, ҚМУ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Мысалы біз бидайдың ішінде өспей жатып тұрып, дәннің ішінде ауруларды тексере аламыз. Ол аурулар әрі көрінбейді. Ешқандай белгілері жоқ, бірақ, ол ауру мысалы, немесе себеміз дегенде топырақтың ішінде ауру болуы мүмкін. Жеке шаруашылықтар дәнді себе салады да, ертең ол шыққан кезде кеш болып қалады. Бұл препараттарды біз жасадық, патентін алдық. Ол енді сұранысқа ие болады деп ойлаймын.

ИНДИРА БЕЙІШОВА,  ҚМУ ҒЗО БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Елбасының аграрлық ғылымға көңіл бөлгені біз үшін өте қуантарлық жағдай. Өйткені, біз осы ғылыми инновациялық орталықта өткен жылы ҒжБ министрлігінің тапсырысы бойынша 10 ғылыми жобаны орындасақ, соның 4-еуі аграрлық ғылымға қатысты. Және соның нәтижесінде 16 патенттің авторлық құқына ие болдық.

Жергілікті өнеркәсіптік желілер сандық технологияның жемісін көре бастады. Қарақұмық шығаратын мына цехта барлық жұмыс автоматтандырылған.

Ал зауыт өнімі әлемдік нарықта еркін бәсекелестікке түсе алады. Мұнда шығарылатын қарақұмық дақылының 85 пайызы сыртқы нарыққа жіберілуде. 

АМАНГЕЛДІ ҚОҚҰШЕВ,  ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір біз өнімімізді тасымалдау туралы Әзербайжан, Ресей,  Өзбекстан және Тәжікстан елдерімен  келісім-шарт бекіттік. Ауғанстан елінен де осындай ұсыныс түсті.

2017 жылы қостанайлық диқандар мол өнім алды. Еліміз бойынша 21 млн тонна астық жиналған болса, соның 5,2 млн тоннасы, яғни 25 пайызы Қостанай өңірінің үлесінде. Ал осы жылдың басында елімізден Беларусь еліне 500 комбайн жөнелтілмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер