Елбасы Қазақстан Халқына жолдауындағы «Смарт Сити» тұжырымдамасы

Елбасы Қазақстан Халқына жолдауында «Смарт Сити» тұжырымдамасына тоқталып өтті. Бұл бөлім ел астанасының дамуына арналған. Астана заман талабына сай, әлемнің көшбастаушы «ақылды қалаларының» тәжірибесін үлгі тұтады. Сондағы стандарттарды қабылдап, тұтастай елге әсер етеді. Қоршаған ортаны басқарудың ең жаңа технологиясы мен кешенді іске қосылуы жылдам дамып жатқан мегаполистің мәселелерін тиімді шешеді. Мемлекет басшысының айтуынша, елорданың Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – басты міндет.

ТАЛҒАТ БАЛҚИЯЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Шын мәнінде, ақылды қаланы іске қосуда алдымен, қала әкімдігіне салмақ түседі. Яғни олар барлық процестерді бақылауда ұстауы керек. Қала басқару процесі айқын, анық, бір жүйеде болғаны дұрыс. Онсыз смарт сити жұмыс істей алмайды.

Мемлекет басшысы өз жолдауында шетелдік инвесторлар арасында қаланың тұрмыс-тіршілігі маңызды екенін баса айтты. Яғни, олар ел емес, өмір сүріп, жұмыс істеуге қолайлы қаланы таңдайды. Шетелдік капиталды тарту – аймақтың экономикалық дамуының кепілі болады. 

АЛМАГҮЛ ҚАМИЕВА, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Елбасы ел экономикасының тиімді өсуіне басымдық береді. Бұл ең алдымен, цифрлық технологияларды өндірісті дамыту. Ақылды жұмыс, ақылды қала, «смарт сити» жұмыс өнімділігін арттыруға серпіліс береді.