Қызылордалық ғалымдар күріштің қауызын белсендірілген көмірге айналдырды. Егер өнідіріске енгізілсе, экологиялық тұрғыдан да пайдалы болмақ. Сыр өңірінде биыл күріштен 500 мың тонна өнім жиналды. Оны зауыттарда ақтағаннан кейін, 100 тоннадай кебек бөлінеді екен. Оған егін алқаптарында қалатын сабанды қосыңыз. Осындай өте көп мөлшердегі ауылшаруашылық қалдықтарын белсендірілген көмірге айналдыруға болады,- дейді ғалымдар.

РАХМЕТУЛЛА ЖАППАРБЕРГЕНОВ, ИНЖЕНЕРЛІК БЕЙІНДЕГІ ЗЕРТХАНА ИНЖЕНЕРІ:

 - Өндірісте бір затты алу үшін катализатор ретінде металдардың құймаларын пайдаланады. Ол көп шығынды қажет етеді. Ал біз сол өзіміздің зертханада алынған күріш қауызынан алынған белсендірілген көмірге ауыспалы металдардың нанобөлшектерін белсендірілген көмірдің пораларына отырғызып, соны катализатор ретінде пайдаланып жатырмыз.

Жалпы белсендірілген көмір металлургия, химия өнеркәсібі және медицинада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, газдан қорғануға арналған тыныс алу құрылғылары мен респиратор жасайтыны белгілі.  Қазір қазақстандық ғалымдардың бұл жобасы ғылым комитетіне ұсынылып отыр.

НҰРБОЛ АППАЗОВ, ИНЖЕНЕРЛІК БЕЙІНДЕГІ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Металдарды кеннен бөліп алу үшін, әдетте көмір кокс пайдаланылады. Олар көмірден және мұнай қалдықтарынан алынады. Біз енді осы бағытта да зерттеуімізді бастау ойымыз бар. Жұмыстар жүргізілуде, әрі қарай да үлкен нәтижелерге жеткіземіз деген ойымыз бар.

Әдетте белсендірілген көмір алу үшін түрлі орман ағаштары пайдаланылады. Ал оның орнына күріш қалдығын қолданар болса, жасыл желек кесілмей, қоршаған ортаға пайдасы тиері анық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер