Атырауда мұнай-газ өндірісі саласына арналған металл құрылғыларын шығаратын өндіріс іске қосылды

Атырауда мұнай-газ өндірісі саласына сервистік қызмет көрсетуші компания метал құрылғылар шығаратын жаңа өндіріс ошағын іске қосты. Кәсіпорынның ерекшелігі - мұндағы қондырғылар толықтай роботтандырылған. 

РАФИК МҰХАТОВ, КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

 - Бұл цехтағы  жаңғырту жобалары биылдан бастап жүзеге асырылды. Толықтай автоматтандырылған цехта робот дәнекерлеуіштер жұмыс істеп тұр.  Бұл әлемдегі ең жаңа технологиялар. Осының арқасында біз шығаратын өнімнің сапасы да, көлемі де артты. 

Кәсіпорын жылына 6 мың тонна металл құрылғылар өндіріледі. Сандық технологияға негізделген автоматтты қондырғылар мамандардың  сапасы аса жоғары өнім шығаруына мүмкіндік берді.  

ЕРЛАН МАЯКИН, ӨНІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ИНЖЕНЕРІ:

 - Үш-төрт адамның еңбегін атқара алады. Екінші артықшылығы бұл қауіпсіздігі. Өйткені дәнекерлеуші оператор мұны алыстан басқара алады, жанына келіп ешқанлай түтін немесе басқа да шашырайтын оттардан алыс тұрады. Үшінші артықшылығы бұл сапасы. Бұл дәнекерлеу  роботының тогы  үлкен және темір балқыған кезде өте терең балқытып сапасын жоғары алады.

Зауыт тек ірі компанияларға ғана емес жеке тұрғындарға да қызмет көрсетеді. Болашақта өндірісті роботтандыру арқылы мұнай-газ өндірісіне аса қажетті бұрғылау қондырғылары секілді ірі жобаларды да жүзеге асыруды жоспарлап отыр.