Қазақстан зерттеушілерінің инновациялық жобалары халықаралық нарықты бағындыруда. Отандық ғалымдарға мұндай мүмкіндікті Еуропалық Одақтың «Көкжиек-2020» бағдарламасы ұсынып отыр. Ол тұрақты даму мен жаһандық мәселелерді шешуге арналған  зерттеулерді қаржыландырады. Жеті жылға есептелген бағдарламаның қоры 80 миллиард еуро көлемінде. Алдағы үш жылдың өзінде 30 млрд еуро жұмсау көзделуде. Айту керек, бағдарламаның іске асырыла бастағанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде түрлі салалар бойынша 625 қазақстандық жобаға қолдау көрсетілген.  

ТРАЯН ХРИСТЕА, ЕО ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Жер туралы ғылым, нано-технологиялар сынды тың бағыттар қаржыландырылады. Бұл тұста, сіздің ғылыми-зерттеу институттарыңыздың аймақтағы немесе Еуропалық Одақтағы  өзге де институттармен байланыс орнатуы маңызды. Жобалар жергілікті немесе Еуропа нарығында енгізуге болатындай жаңа білім мен тәжірибе шығарулары тиіс.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер