Еуроодақтың «Көкжиек-2020» бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясымен үндеседі. Аталған құжат ғылыми зерттеулер мен Еуропаның экономикалық тұрғыда қарыштап дамуына атсалысатын инновациялық жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, денсаулық, демография, энергетика, қауіпсіздік салаларындағы мәселелерді шешуге баса назар аударады. Осыған байланысты Еуроодақ бюджетінен 2014-2020 жылдар аралығындағы кезеңге 80 миллиард еуро қаржы бөлінген. Және бұл бағдарламаға еуропалықтармен қатар, шет ел азаматтары да қатыса алады. Бүгінгі күні қазақстандық ғылыми институттар мен ұйымдар жасаған 40 ұсыныстың алтауы қаржыландырылып жатыр. Дегенмен, Еуроодақ бұдан да көп жобаға, қаражат бөлуге дайын. 

КАМИЛА МАГЗИЕВА, ҚР ТӘУЕЛСІЗ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - 27 қарашада Еурокомиссия «Көкжиек 2020» бағдарламасының аясында  жаңа байқау жариялады. Қазір Брюссельде "мәдени алмасу, мәдени мұра" тақырыптарына арналған бірнеше бағыттағы шаралар өтіп жатыр. Кейде бөтен елден өзіміздің ұлтымызға, мәдениетімізге тиесілі мұраларды кездестіріп жатамыз. Диджитализация, мәдени мұраларды цифрландыру - өте маңызды бағыттардың бірі. Грант сыйақысының ең аз мөлшері - бір миллион еуро. Байқауға кез келген университет, институт, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен орталықтар, сауда ұйымдары, шағын кәсіпорындар қатыса алады.

НИНА БРАУН, NET4SOCIETY КООРДИНАТОРЫ:

 - Егер де біздің жүйемізде ұлттық байланыс нүктеңіз болса, ол бір ғана адам болса да жүйе арқылы басқа елдерге ақпарат таратуға және өз елі туралы мағлұмат жинауға мүмкіндік ала алады. Компанияның немен айналысатынын газетімізге жариялаймыз. Содан кейін өзіңізге серіктес таба аласыз. Менің ойымша, бұл Еуроодақтан қаржыландыру алу  үшін жақсы мүмкіндік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер