Қазақстанның инновациялық дамуына оқушылар өз үлесін қоспақ. Жастайынан ғылымға ден қойған шәкірттердің тың зерттеулері өндіріс жолына қойылады. Жас ғалымдардың өнертабыстары негізінен қоғамның тұрмыстық салтында таптырмас көмекшіге айналуы тиіс. Осы бағытта «Қазақстан - 2050» жалпы ұлттық қозғалысы ұйымдастырған оқушылар олимпиадасы мәреге жетті. Шілде-қазан айларында өткен бәйгеге еліміздің барлық өңірлерінен  200-ге жуық жоба ұсынылды. Арасынан 20 ілкімді жұмыс саралаудан іркілмей өткен. Нәтижесінде ең үздік деп танылған 10 өміршең бастамаға арнайы демеушілер бекітілді. Енді осы шәкірттердің ерекше туындысын халық кәдесіне жарату  жолдары қаралмақ. Мәселен, Шыңғыс Қуанышпайдың өнертабысы бақша дақылдарының өнімділігін арттыруға септеспек. Алматылық оқушы өсімдікті топырақсыз жасанды қоректендіргіш ортада өсірудің тың амалын тауыпты. 

ШЫҢҒЫС ҚУАНЫШБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ /АЛМАТЫ/:  

 - Маған бұл жобаны жасау ойы осыдан он бір ай бұрын келді.  Бір жылға жақын уақыт бойы жобамды жетілдіріп экологиялық таза жеміс-жидек өсірудің жолын таптым.  Бұл тәжірибелік жұмысымның ерекшелігі кез-келген тұқым 43 күн ішінде жеміс береді. Яғни, табиғи тыңайтқыштар арқылы өсімдіктің өну жылдамдығы артады.

МҰХТАР МАНКЕЕВ, «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз таңдап алдық. Сол он жобамен қолдарына сертификат куәліктерін бердік. Енді 5 ментор әрбіріне екі жоба бар. Солармен нақты жұмыстарын бастап кетеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер