Отандық ғалымдар жер қойнауы қазба байлықтарына тұнып тұрған еліміздің тау-кен саласын жетілдіріп, өнімділікті еселеуге сеп болатын тың зерттеулерімен бөлісті. Мәселен, мына виртуалды көзілдірік кеніштегі жұмысты қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Оны пайдалану арқылы карьерге түспей-ақ іштегі бар жағдайды толыққанды біліп отыруға әбден болады. Нәтижесінде кездейсоқ орын алатын техникалық ақау жедел сараланып, түйіткілді мәселенің шешімі әлдеқайда жылдамырақ қабылданады.

ЮРИЙ ЛИТВИШКОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Бұл қондырғы жер астында жүріп жатқан жұмыстардың дәлме-дәл моделін жасай алады. Оған қоса, карьердегі автоматтандырылған жүйенің техникалық көрсеткіштерін басқару мүмкіндігі қарастырылған. Оны киген адам компьютерлік бағдарлама арқылы жасалған нысандарды галограмма түрінде көріп, есептеулер мен өлшемдерге өзгеріс енгізе алады.

Бұл – инноваторлар форумында ұсынылған жобалардың бірі ғана. Дәстүрлі байқауда осындай 50-ге тарта тың бастама таныстырылды. Жобалардың саны былтырғыдан екі есе көп. Кезекті басқосудың өзегіне айналған негізгі тақырып – «Тау-кен саласындағы төртінші өндірістік төңкеріс индустриясы».

АЛИК АЙДАРБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Индустрия 4:0-ді біздің салаларға енгізу үшін осындай форумдарды өткізіп, бизнесте тұрған маңызды сұрақтарды түсініп, сол сұрақтарды, сол проблемаларды қалай шешу керек. Үкімет тарапынан қандай саясат жасау керек соларды білу үшін осындай форумдардың маңызы зор.

Үздік инновациялық өнертабыстар өндіріс жолына қойылады. Өткен жылы жүзеге асырылған осы текті жобалардың жалпы тиімділігі 20 млрд теңгеден асып жығылыпты.Ал, биыл бұл көрсеткіш 25 млрд теңгеге жуықтайды деп күтілуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер