Қазақстандық стартаптар Сингапурде ұсынылмақ. Астанада «FinTech Innovation  Day» аяқталды. Комиссия 5 үздік жобаны іріктеді. Олар қаржылық технологиялар бойынша Азиядағы ірі шаралардың бірі - «Singapore Fintech Festival»-ге қатысатын болады.  «StockMetrix»   интерфейсі солардың қатарында. Жоба авторларының айтуынша, бұл жеке инвестициялық робот. Ол АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ, Жапония, Гонконг, Сингапур биржаларындағы мыңдаған акциялар бойынша түрлі ақпаратты  өңдей алады. Маңыздысы, бұл бар болғаны бірер секунд ішінде жүзеге асырылады.

ЖАНБОЛАТ ҚАЙЫРҒОЖИН, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Инвестиция бағыттауға арналған компаниялардың акцияларын таңдауға көп уақыт жұмсадым. Техникалық сараптама, қаржылық есепті қарауға да қыруар уақыт керек болды. Сондықтан біздің командамен бірге осының бәрін біріктіретін өнім жасауды шештік. Жобаның көмегімен акциялардың өзгеруін де болжауға болады.

ӘСЕЛ ЖИЕНБАЕВА, АХҚО ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қаржылық орталықтың маңынан жеке-меншік, халықаралық қорларды шақыру –біздің ең бірінші міндетіміз болып табылады. Себебі стартаптарға ақша керек. Олар Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде жұмыс істеулері үшін оларға қаржылық көмек керек. 

Қазылар алқасының құрамына венчурлық бизнестың белді өкілдерінің бірі  Тим Дрейпер енген. Америкалық миллиардер Қазақстанда стартап жобаларды қаржыландыратын қор ашуды көздеп отыр. Қазіргі таңда тиісті келіссөздер  жүргізілуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер