2025 жылға дейін Қазақстанның төрт шаһары «ақылды қала» атағын алады. Ал 2050 жылы еліміздің барлық облыс орталықтары осындай статусты иеленеді. Одан кейін «ақылды» жүйе ауылдарда енгізіле бастайды. Бұл мақсатта 150 ұлттық стандарт әзірленді. Олардың барлығы халықаралық талаптарға сай келеді. 7 жыл ішінде Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтып отыр. Нәтижесінде азаматтар мемлекеттік қызметтердің 80% онлайн түрде алатын болады, сондай-ақ, еңбек өнімділігі 15 %-ға артады.

ӘЛЖАН ӘБДРАХМАНОВ, «ЗЕРДЕ» ҰИХ» АҚ БАҒДАРЛАМА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл жоспардың нәтижесін 2020 жылға қарай көретін боламыз. Жалпы Қазақстан бойынша «Ақылды қала» жобасы Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбеде іске асырылуда. Кейін осы тәжірибені өзге қалаларға да қолдануға болады. Оның аясында орынсыз су, жарық шығындарын азайтып, табыс түсетін салалардың қаражатын арттыру да көзделген.

«Ақылды қала» жобасы аясында елордада ұялы байланыс құнын төмендетуге мүмкіндік беретін, құрылғыларды орнату көзделген. Сондай-ақ, алдағы уақытта елорданың 3D үлгісін жасау, экологиялық қабылдағыштар қою, электронды қызметтерді құру қарастырылуда. Бейнебақылау камераларының санын арттыру – басым бағыттың бірі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер