Almaty Management University (AlmaU) SAP Университеттік Альянсының мүшелігіне кірді. Іс-шара аясында ЖОО студенттері мен оқытушылары үшін толықтырылған, виртуалды және аралас шынайылыққа арналған компания шешімдері көрсетілген SAP технологияларының күні ұйымдастырылды.

«Қазақстанда мемлекеттік деңгейде Цифрлық мемлекетке өту барысы басталды. 2016 жылы AlmaU Қазақстанда алғашқы болып инжиниринг саласындағы халықаралық деңгейдегі Мектепті ашып, оның мақсаты – IT, инженерия және басқару құзыреті бар Big Data саласының мамандарын даярлау. SAP және Университеттік Альянс бағдарламасымен ынтымақтастық біздерге қарқынды даму және оқыту барысында инновациялық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Енді біздің студенттер үшін батыстың жетекші ЖОО пайдаланып отырған әлемдік дәрежедегі оқыту бағдарламалары қолжетімді болмақ», - деді AlmaU ректоры Гүлмира Құрғанбаева.

Корпоративтік ұсыныстар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі SAP-тың академиялық бағдарламасына 110 елдің 3400 оқу орны, соның ішінде Қазақстанның 11 жетекші университеті қатысуда. Бағдарлама студенттер мен оқытушыларды SAP бағдарламалық жасақтамасы мен экономика және кәсіпкерліктің цифрлық өзгеруіне, атап айтсақ, Ғаламтор заттары, үлкен деректер, блокчейн, талдау, робототехника, машиналық оқыту шешімдеріне арналған технологиялармен таныстырады. Классикалық оқыту үдерісі тәжірибелік сабақтармен толығып, жоғары оқу орындары және кәсіпкерлік арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, digital кәсіпкерлер буынын қалыптастырады.

«Университеттік Альянс бағдарламасы Университеттің білім беру нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек. Оқытушылар мен студенттерге Learning Hub (Academic Edition) «бұлтты» онлайн-тұғырнамасы арқылы 700 астам курс қолжетімді болады. Бұл, әсіресе, Цифрлық Қазақстан және елдегі Үшінші жаңғырту бағдарламаларын дамыту жағдайында өте өзекті болып саналатын оқытушылар мен студенттердің кәсіби құзыретінің деңгейін кеңейтеді. Біз үшін цифрлық экономикаға өтудегі басты шарттардың бірі кәсіпқой мамандардың болуы екендігі айқын», - деді SAP Қазақстан Басқарушы директоры Максим Ламсков.

Сонымен қатар AlmaU қыркүйектің 11 мен 15 аралығында Карслруэ қаласында (Германия) өткен SAP EMEA Academic Conference Karlsruhe форумының қатысушысы атанды. Форумға қатысу университет өкілдеріне Альянс және EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) өңірінің SAP Next-Gen инновациялық қоғамдастығының өзге мүшелерімен танысуға, сондай-ақ арнайы оқыту жоспарларын дайындау үшін SAP Leonardo бағдарламасының ерекшеліктерін ұғынуға жағдай туғызды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер