Астанада жүлде қоры 1 млн теңге болатын «ABC HACK» сайысы өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 120 адам қатысты. Сайыс шарты – бір тәулік ішінде ІТ саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар үшін жобалар құрастыру. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Назарабаев Университеті жанындағы Технологиялық паркте жүзеге асыру мүмкіндігін иеленеді.

ДАСТАН ҚҰСАЙЫНОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Сайыстың бағдарламалау бойынша ғылыми олимпиадалардан айырмашылығы бар. ХАКАТОН-ның міндетін еліміздегі ІТ саласында жұмыс жасайтын  компаниялар анықтайды.  Кейін көзге түскен мамандарды жұмысқа шақырады.

ИБРАГИМ ІЛИЯСОВ, ҚАТЫСУШЫ:

 - Интернет дүкенінде түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынатын компания бар. Ол жерде қолданушылар өз қаласындағы барлық акцияларды көреді. Алайда біз тұтынушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, тек оған қажет болатын ақпаратты топтастыруды ұсынып отырмыз. Мәселен, адам 5 сағат бойы жаттығу залында уақыт өткізсе, ол үшін спорттық тағамдану қызық болуы мүмкін. Мұны біз геолокация арқылы анықтауды жоспарлап отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер