Халықаралық сарапшылар ауыл шаруашылығындағы инновациялық ресурс үнемдеуші технологиялармен бөліспек. Олар Астанада өткен жиында бұл салада табиғи ресурстарды пайдалануды азайту мен инвестиция тартудың әлемдік тәжірибесін талқылады. Қазіргі таңда қазақстандық шаруалар егіншілікте үнемдеу жүйесін қолдануда. Технология суды ысырап қылмайды, құрғақ аймақтар үшін аса маңызды. Мұндай тәсілдің арқасында соңғы 3 жылда саладағы табыс шамамен 490 млн доллар болған. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі де  артып отыр. Жыл сайын астыққа деген сұранысты қамту көрсеткіші 5 млн адамды құрады. 

 

ТУРИ ФИЛЕЧИЯ, FAO TCIC АҒА АГРОНОМЫ /ИТАЛИЯ/:

 - Қазақстан аймақтағы жаңа технологияларды енгізуші ел. Үнемдеуші егіншілік аса өзекті және дер кезінде қолға алынған жобалар қатарында.  Ол технология бойынша жерді жыртпай, тұқым себу керек. Өйткені жер үстінде дақылдың қалдықтары қалып, тыңайтқыш қызметін атқарады. Бұл технология бойынша Қазақстан айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді. Алдағы уақытта оны қолданатын егін алқаптары көбейеді деген ойдамын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер