Қазақтың өнертапқыш қыздары Сан-Францискода өткен халықаралық «Техновейшн» байқауында топ жарды. 15-18 жас аралығындағы оқушы қыздарға арналған сайыста қазақстандық команда мамыр айында іріктеуден өтіп, Сан-Францискодағы жартылай финалға жолдама алады. Калифорния штатында 137 ұжым қатысқан кезеңнен сәтті өтіп, финалда «Қамқор» жобасымен жеңімпаз атанды. Смартфонға арналған бұл қосымша Google картасы арқылы жұмыс істейді. Құрылғының блютуз жүйесін іске қосып, бір ғана батырманы басып қана қолданушы өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты айналасындағы жандардан жасырын түрде жақынына жолдай алады.

Құрамадағы қыздардың тең жартысы былтырғы байқауға да қатысқан. Алайда, қанжығалары майланбапты. Биылғы біріншіліктің сәтті өтуіне жобаны ойластыруға жұмсалған уақыт пен сабырлық өз жемісін берді деп отыр.

ДИЯРА БЕЙСЕНБЕКОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Менің ойымша, осы биыл барған сапар мен үшін өте маңызды болды. Басқа мемлекеттерден келген жобаларды, қыздарды көріп олардың да жасаған қосымшалары өте мықты болды. Және осыған тәжірибе тек ұтқанымыз емес, олармен танысып және әлем бойынша көзқарастарды көріп танысқаныма өте қуаныштымын.

Дияра, Ажар, Аружан және Диана төрттігін бастап барған тәлімгерлердің бірі – Әйгерім Қатаева. Алматыдағы UNICEF (Юнисеф) инновациялық орталығында қызмет ететін веб-дизайнердің айтуынша, Гран-при сыйақысы ретінде берілген 15 мың доллар «Қамқор» мобильді қосымшасын жетілдіруге және жарнамалауға жұмсалады.

ӘЙГЕРІМ ҚАТАЕВА, КОМАНДА ТӘЛІМГЕРІ:

- Ең басында біз финансовый план, маркетинговый план бәрін жазып шыққанбыз. Сол бойынша біз айтып өткендей кнопка бар, соны шығаруға ақша қажетті. Және де біз айттық Айос икс кодта суифт тілінде жаздық. Айоста қосымшаны шығару үшін девелопер аккаунт керек. Оған ақша керек. Оның бәрі техновейшнмен бақыланады.

Айта кетейік, «Қамқор» мобильді қосымшасы әзірше тек iOS процессорінде ғана қолжетімді болады. Күзде өзге бағдарламалық жүйемен жасайтын смартфон иелері де бұл бағдарламаны жүктей алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер