Қазақстандық ғалымдар инновациялық күкіртті аккумулятор ойлап тапты. Отандық энергия үлестіргіш құрылғысының қолданыстағы үлгілерден басты артықшылығы – ол көп көлемде қуат жинай алады. Сондай-ақ, энергия үнемдеу жағынан да аса тиімді әрі қауіпсіз. Толықтай отандық шикізаттан тұратын аккумулятордың өзіндік құны баламалы түрлерінен әлдеқайда арзанға түседі. Көпсалалы өнертабыс баламалы энергия көздері, электромобиль мен электроника салаларында қолдануға қолайлы, дейді құрастырушылар. Қазақстандық жоба «Энергияны сақтау қоймалары мен наноматериалдар жүйесі және заманауи технологиялар» атты халықаралық конференция қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

ЖҰМАБАЙ БАКЕНОВ, NATIONAL LABORATORY ASTANA ЭНЕРГЕТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Олардың қуат жинау мүмкіндігі жоғары. Бұл жоба аккумуляторлардың қолданыс аясын 10 есеге артырыды. Әзірге қазақстандық өнертабыстың әлем бойынша баламасы жоқ. Жаңа жүйе бойынша аккумулятор 1 минуттың ішінде толықтай қуатталады.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер