Астана EXPO-2017 – баламалы энергетиканың энциклопедиясы. Осылай деп өз бағасын берген грузиялық ғалымдар халықаралық көрменің өту барысын жіті назарда ұстап отыр. Жаңартылатын энергетика саласын зерттеушілердің айтуынша, ЕХРО-да бірегей әрі қызықты жобаларды көптеп кездестіруге болады. 

 

КАХА КАРЧХАДЗЕ, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ:

 - «Болашақ энергиясы» тақырыбы қазіргі әлем үшін аса маңызды. Көрмеде көптеген павильонды тамашалауға болады. Біздің салаға тікелей қатысты қызықты жобалар жетіп артылады. Қазір Қазақстанда мамандар өзара тәжірибе алмасып жатыр. Бұл өте пайдалы әрі ұтымды іс-әрекет».

 

Қазақстанның EXPO көрмесі үшін таңдап алған тақырыбы өте өзекті. Өйткені әлем табиғи ресурстардың сарқылу алдында тұр, дейді британиялық сарапшы Джордж Смит.  

 

ДЖОРДЖ СМИТ, САЯХАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Меніңше, президент ЕХРО өткізу туралы шешім қабылдай отырып, Астананың болашағы туралы ойлады деген пікірдемін. Осылайша, Қазақстанға үлкен пайда әкелді. Егер елдеріңіз бұрын мұнай мен газ сияқты минералды ресурстармен танымал болса, президенттің бұл бастамасы елдеріңізді жаңа қырынан көрсетіп отыр және бұл өте қуантарлық жайт. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер