Астанаға сапар шегіп, EXPO-ны көзімен көрген әзірбайжандық публицист алған әсерлерімен бөлісті. «Бұл күндері елорда айтулы шаралар мен жаһандық жаңалықтардың орталығына айналды. Тек ЕХРО қалашығы ғана емес, Елорданың өзі ауқымды іс-шаралар алаңы саналады. Қазақ елінің арқасында көптеген халықтар мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етуге мүмкіндік алды», дейді публицист.

 

АИДА ЭЙВАЗЛЫ, ПУБЛИЦИСТ:

 - Мен Астанада тарихи оқиғаның куәсі болдым. Олай дейтінім, ЭКСПО көрмесінде қоршаған ортаны ластанудан сақтаудың мол мүмкіндіктері жария етілді. Осы арқылы әлемді алаңдатып отырған экологиялық мәселелер шешімін табады деген үміттемін. Арқа төріндегі жас қала барша әлемді бейбітшілік пен тазалыққа шақырып тұрғандай. Шаһардың көгалдандыруының өзі келушілерге ерекше әсер беріп тұр. Түрлі архитектуралық мүсіндер, жасыл саябақтары көз тартады. Сонымен қатар, ондағы ел тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін музейлерді де көрдім.

 

Украина сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Свистильдің айтуынша, EXPO-2017 – кез келген ел үшін жасыл экономика саласында өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Көрмеде Украина мультимедиалық ақпараттық іздеу жүйесін таныстырады.

 

СЕРГЕЙ СВИСТИЛЬ, УКРАИНА САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл мүмкіндікті қолданбау қисынсыз болар еді. Мультимедиялық көрме ұйымдастырамыз деп ұйғардық. Сондықтан біз бар күшімізді Украинаны осындай мультимедиалық жоба арқылы таныстыруға жұмылдырдық.  Ол үшін біз экспорт, импорт және инвестициялық жобалар мен оларды енгізу туралы  ақпарат жинадық.

 

Қазақстан астанасында өтіп жатқан EXPO-2017 көрмесі - тың технологияларды тоғыстырған бірегей алаң. Күллі әлем көз тіккен Астанадағы ауқымды шара әлем елдерінің ең үздік баламалы энергия саласындағы жетістіктерін паш етті. Бұл туралы Еуропарламентінің депутаты, Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегация басшысы ИвЕта ГригУле мәлімдеді. Депутат көрмені өз көзімен көру үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

 

ИВЕТА ГРИГУЛЕ, ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

 - Экспо көрмесі тәжірибе алмасып қана қоймай, экономикамызға оң әсер ететін бірегей алаң. Бұл шараның  ең әуелі Қазақстанға берер пайдасы мол.Себебі сіздерге әлемнің ең үздік технологияларын әкелді. Мен үшін энергия саласының орны бөлек. Энергиясыз біз қмір сүре алмайтынымыз анық. Сол себепті де мен міндетті түрде Астанаға кезекті рет ат басын бұруға бел буып отырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер