Қызылордалық электр инженерлері мұнай ұңғымаларын тиімді басқарудың жүйелік қондырғысын жасап шығарды. Энергия үнемдегіш құрылғылар Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және жергілікті мұнай кеніштерінде өндірістік тәжірибелік сынақтан өтіп, тиімділігін дәлелдеді.  

 

МАРАТ ШАЛАБАЕВ, ИНЖЕНЕР:

 - Интеллектуалды жүйе болғандықтан, бұл бәрін өзі салыстырып, ток қалай өтеді, кернеулік әртүрлі көрсеткіштерге байланысты бір жерде ақау болса, мысалы, айналдырып тұрған насоста ақау болып, ток көбейеді, соны өзі тоқтатып, азайтып, жылдамдықты насос айналымын, сорып алуын мұнайдың я көбейтеді. Адамның қатысы жоқ өзі автоматты түрде жұмыс істейтін жүйелер.

 

54 пайыз қазақстандық материалдардан құрастырылған «ақылды жүйенің» өзіндік құны қымбат емес. Мамандар есептеуі бойынша, жаңа құрылғы мұнай ұңғымаларының қолданысына кететін шығынды 5 миллион теңгеге дейін азайтады. Сондай-ақ, жөндеу жиілігін қысқартып, қара алтын өндірісін арттырады. 

 

НИКОЛАЙ СКАЧКОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Қазақстандық мұнай компаниялары өнімнің өзектілігі мен тиімділігіне көз жеткізді. Қазір кәсіпорындардан сұраныс көптеп түсіп жатыр. Қызылорда облысының өзіне жыл аяғына дейін 50 басқару жүйелік бекетін құрастырып жатырмыз. 

 

Мұнай ұңғымалары бұған дейін тәулігіне 80 кватт электр энергиясын тұтынып келді. Ал автоматты басқару жүйесін орнатқалы бері қуат шығын 55 кваттқа дейін азайып отыр. Отандық электр қондырғы кеніштегі сұйықтық көлемін анықтайды және барлық апатты жағдайлардың алдын-алып отырады. «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауында өндірістік мақсаттағы үздік өнім атанған жоғары технологиялық жоба ЕХРО көрмесінде таныстырылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер