EXPO көрмесі ашылғалы бері Астана жаңартылатын энергия саласындағы тың технологиялар алаңына айналды. Осы уақытта көрме аумағында 300 мегаватт-сағат баламалы энергия өндірілген. Бұл 160 пәтерді бір ай бойы электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді. Қазақстанның «жасыл» энергетика саласындағы бастамалары шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Олардың алды жергілікті жобаларға қомақты қаржы құйып та үлгерді. Атап айтқанда, Еуропалық одақтың қаржылық институттары жасыл энергетика саласындағы жобаларға 100 млн еуро аударған. Бұл туралы «Болашақ энергиясы» форумының кезекті жиынында айтылды. Жалпы, соңғы 5 жылда Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы бастамаларына кәрі құрлық 500 млн еуро бөлген.  

 

ГЕРАССИМОС ТОМАС, ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана – даму әлеуеті зор инновациялық қала. Алайда бас шаһарды ғана емес, өзге қалаларды дамытуға да басымдық беріп, құрылыста экологиялық шешімдерді қолдану қажет. Негізі, энергетикалық тиімділікті құрылыста ғана емес, кез келген салада, ауыл шаруашылығында, шағын және орта бизнесте ескеру керек деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер