Астанада ЕХРО көрмесінің қонақтары «Дыбыс қуаты» бірегей шоу бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік алды. «Бұл – симфониялық оркестрлер тарихындағы елеулі оқиға», дейді ұйымдастырушылар. Әлемдік деңгейдегі концерттік жобаның жетекшісі әрі авторы – атақты скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев. «Дыбыс қуаты» бағдарламасының әлемде баламасы жоқ. Онда классикалық музыка мен озық 3Д технологиялар үйлесім тапқан.

Әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп жүрген жарқын тұлға Марат Бисенғалиев қайталанбас айрықша шоу жасау үшін нағыз майталмандарды шақырған. Бұл – аты аңызға айналған британдық композитор Карл Дженкинс, музыкант Абзал Арықбаев, «Тұран» және «Әлем» ансамбльдері, қазақстандық «Дуэт Л» (ЭЛЬ деп оқылады) және Алматының симфониялық оркестрі.

 

МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВ, ЖОБАНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Музыканттар, хор әншілері аса күрделі бағдарламаны орындауға дайын. Бұл үшін оларға батылдық қажет болды. неге десеңіз, мен оркестрді сахнада бір орында тұрмай, музыкамен бірге самғағанын қаладым. Және бұл өте қиын.

Сахнадан шыққан дыбыс ағындарын сәулелендіру ерекше әсер қалдырады. Шоу ғаламның, Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихына арналған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер