Елорданың төрінде классикалық  джаз музыкасы әуеледі. Израйлдік «Yogev Shetrit» тобы ЕХРО-2017 көрмесінің қонақтарын өз өнерімен тәнті етті. Шығармашыл ұжым авторлық әуендерімен тыңдармандардың құлақ құрышын қандыра білді. Төл туындыларында дәстүрлі джазбен қатар солтүстікафрикалық, андалузиялық, Жерорта теңізі халықтарына тән саз сарындары байқалады. Үштік осындай түрлі жанрларды бір әуезге үндестіре алатындығымен ерекше.  

 

ЙОГЕВ ШЕТРИТ, ТОП ЖЕТЕКШІСІ:

Топ 2015 жылы құрылды. Гастрольдік сапарларға жиі шығып тұратындықтан, репертуарымыз түрлі халықтардың дәстүрлі саз өнерін қамтиды. Мәселен, менің ата-анам Мароккодан. Сондықтан осы аймаққа тән музыка қаныма сіңген болар, жаныма аса жақын. Қазақ әуендерінің үні құлаққа жағымды екен. Жан-дүниеңді тербейді. Қорымыз осы жергілікті  музыкаменде толығатынына сенімдімін.

 

Әуезді кештің бағдарламасынан соң жиылған қауымға Израиль павилонымен танысу мүмкіндігі жасалды. Кіре берісте меймандарды 12 метрлік LED-экран қарсы алды. Интерактивті қондырғы қонақтарды ел тұтынатын баламалы қуат көздері және жасыл экономика саясатынан құлағдар етті.  

 

ЭЛАЗАР КОЭН, ИЗРАИЛЬ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

 - Біздің павильон Израиль халқының рухын барынша танытады. Халқымыздың тарихы баршаға аян. Өткенсіз жарқын болашақ құру мүмкін емес. Біз осы жағын ескеруге тырыстық. Павильонда шексіздікті білдіретін зал бар. Бишілердің өнері елдің тағдырын баяндайды. Жалпы Израиль павиьонын осы күнге дейін 100 мыңға тарта адам тамашалап үлгерді.

 

Халықаралық шараның мәдени бағдарламасы аясында израильдік өнерпаздар көпшіліккке әлі танылатын болады. Алдағы тамыз айында сахна саңлақтары көрме қонақтарына Еуропа және шығыс мәдениетінен сыр шертер концерттік бағдарламалар ұсынбақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер