EXPO қалашығында 160 пәтерді бір ай энергиямен жарақтауға жететін қуат өндірілді. Көрме ашылғалы бері мұнда сағатына 300 мегаватт баламалы энергия алынды. Қазақстанның ұлттық павильоны да баламалы энерия көздерінен қуат алатыны белгілі. Мұнда жел генераторлары мен күн панельдері орнатылған.

 

ВЛАДИМИР СОБОЛЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қос жел генераторы сағатына 20 киловатт энергия өндіруге қауқарлы. Ал күн панельдері 30 киловатт қуат шығарады. Бұл ақылды технологиялар көрмеден кейін де қолданылады. Олардың жарамдылық мерзімі - 25 жыл.

 

Ал, мына фотоэнергиялық станция жүзден астам халықаралық павильонды қуатпен жарақтауға арналған. Мұндағы 840 күн модулі сағатына 200 киловатт энергия өндіреді. Сондай-ақ, мұнда экологиялық таза көліктер бар.

 

ДИАС ӘЗБЕРГЕНОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ СЕРВИСТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Одан басқа бізде медициналық электромашиналар бар. Олар көрменің кез келген жеріне жетіп, көрме қонақтарына жедел медициналық көмек көрсете алады. Бұл машиналар 220 вольттық розеткадан қуат алады. Толық қуат алу үшін 5,5 сағат уақыт керек.

 

ЕХРО қалашығының аумағы – 25 гектар. Онда күнделікті негізде жедел жәрдем, полиция көліктері, қоқыс шығаратын машиналар, жалпы саны 30-дан аса электромобиль жүреді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер