«Нұр Әлемнің» 3-қабатында Жердің кинетикалық энергиясы ұсынылған. Механикалық жолмен алынған кинетикалық қуаттың көмегімен тіпті кино көруге болады. Мына портативті рюкзак кинотеатрдың педальдарын басқанда тоқ өндіріледі. Британдық еріктілер бұл құралмен жарығы жоқ Малави ауылдарында фильмдер көрсеткен.

 

ӘДІЛ МОМБЕКОВ, «НҰР ӘЛЕМ» ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Осы қабатта кинетика құралдарының ең басты этаптары, бірінші телефон, фонограф оның бәрі қалай пайда болып, электр құралын механика арқылы пайдалануға болатыны көрсетіледі.

 

Мына бұрышқа 12 велосипед қойылған. Келушілер энергия өндіруден жарыса алады.30 секунд ішінде әр велосипедші 6-7 ватт энергия өндіреді. Осылайша кинетикалық энергия электр тоғына айналады. Мына спорттық аяқ киімнің ұлтарағы жүргенде кинетикалық қуат өндіреді. Ұялы телефон, гаджеттерді қуаттауға болады. Жүгіруге арналған серіппелі кроссовкалар жылдамдықты арттырып, шаршап-қалжыраудың алдын алады. «Нұр Әлемді» асықпай аралаған шетелдіктер таң тамаша қалды.

 

ПАВЕЛ РАКОВСКИ, СЛОВАКИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚ:

 - Қазақстанның баламалы энергия түрлерін дамытуға деген құлшынысы зор. Кинетика залында әр қозғалыстың энергияға айналатынын инновациялық жобалар арқылы көрсеткен.

Көрмеге гибридті электромобильмен қатар 17-18 ғасырларда кинетикалық энергия көмегімен істеген көне электр құралдары қойылған. Ал энергетикалық дөңгелек ішінде ағылшын акробаттары адам күшінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер