САУАЛНАМА:

 - Маған Экспоның өзі ұнады, оның ойнайтын жері.

 - Маған ұнаған сырғанақтар, баспалдақтар қатты ұнайды. Маған қатты ұнағаны, Қазақстан, Германия, Қытай, осы 3 елдің павильоны ұнады.

 

Жасыл технологиялар ордасы - ЭКСПО көрмесі аумағында ересектер ғана емес, бала-шағаның көңілін көтеретін саябақ ашылған. Бір ай ішінде оған 15 мың бала келіп көңіл көтерген. Ата-аналар да еріксіз ойынға араласып кеткен. Себебі балдырғандардың көңілін аулайтын ойын-сауық алаңы ерекше. Балалар саябағында 10 ойын алаңы бар. Түрлі аттракциондар да жетерлік

 

СЕРІКЖАН ОЛЖАЕВ, EXPO KIDS БАЛАЛАР CАЯБАҒЫНЫҢ АНИМАТОРЫ:

 - Біздің ЭКСПО саябағында 4 электрондық шатыр бар, бірінші шатыр, ол велооркестр, келесі бізде виртуалдық өмір, балалар көзілдірікті киіп, теңіздің астында болады. Роботтар шайқасы шатырында бір-бірімен ойнап жарысады, төртінші 3д қалам шатыры, балалар әр түрлі нәрселерді жасайды, әшекейлерді жасайды.

 

4 электрондық шатырдың ішіндегі велооркестрдің ерекшелігі сол, төрт бірдей музыка аспабы арқылы әуен ойналады. Велосипед тепкен 4 балақай жылдамдығына қарай ұпай жинап, жарысады. Саябақ күнделікті сағат 9-дан түнгі 11 ге дейін жұмыс істейді.

Елордадағы халықаралық көрмеге келушілер табан тірейтін басты орын – «Нұр әлем» павильоны. 8 қабатты ғимаратта балалар көретін қызық көп. Ең алдымен шыныдан жасалған көпір кішкентайлардың есінде мәңгі қалары анық.

 

АСЫЛЫМ ЖҰМАБАЙ, ОҚУШЫ:

 - Ол лифтті 8 этажға дейін 30 секундта жедел көтерілдік. Сондай керемет сезімде болдым. Осы шыны көпірден өткен кезде керемет әсерде болдым. Оның астына қараған кезде астына қарау мүмкін емес. Өйткені, басың айналып кетеді. Ол жаққа қарағанда құлап бара жатқандай боламын қараған кезде.

 

ДМИТРИЙ БАРЫШ, ОҚУШЫ:

 - Нағыз адреналин. Бірінші рет мұндай биіктікке шығып тұрмын. Шыныдан төменге қарағанда басым айналды.

Қазақстан павильонындағы әр қабатта балаларға арналған бұрыш бар. Көрсем, білсем, үйренсем деген өренге шектеу жоқ. Ойнай жүріп, жан-жақты білім алуға мүмкіндік жасалған. Биомасса залы соған дәлел.

Ойынмен өткен сабақ қашанда қызықты. Бала жадында көпке дейін сақталатыны анық. Тақырыпты одан әрі игеруге, оқуға ынтасы артады. Кинетикалық энергия залында да қарақұрым халық. Балаларды айтпағанда үлкендердің өзі аң-таң. «Энергия дөңгелегі» деген экпозицияда екі акробат қуат өндіреді.

 

ГҮЛБАНУ БЕЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, ОҚУШЫ:

 - Мұндай болады деп ешкім ойламаған сияқты. Басында олар істеген кезде өте қобалжыдық. Бірақ, өте керемет ұнады.

 

Ал мына ойынға қатысушыларға ептілік қажет. Шарды діттеген жеріне жеткізбесе энергия алу қиын. Жылдамдық та маңызды. Сондай-ақ, Қазақстан павильонында ғарышқа аттанып, Күннің ішіне кіріп, Айда серуен жасауға болады. Мектеп табалдырығынан ғылымға деген осы.Кім білер бәлкім қазақтың атын әлемге паш ететін болашақ Архимед пен Ньютондар осылардың арасында болар?! 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер