Баламалы қуат көзін өндіретін қызғалдақ. Шымкенттік өнертапқыш Мақсат Жолдасбаевтың жасаған қызғалдақ гүліне ұқсас қондырғы бір мезетте күн мен желден қуат өндіреді. Тек, өкпек жел мен болмашы күн сәулесі болса жеткілікті. Гүлі желдің екпінімен айналады. Ал,жапырақтары күннің көзінен қуат өндіреді.  

 

МАҚСАТ ЖОЛДАСОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Жел мен күннен қуат алатын қондырғы. Гүл айналып тұрады да электр энергиясын өндіреді. Қуат арнайы аккуммуляторда сақталып тұтынушыға қалаған уақтында жеткізіледі.

Құрылғы экологиялық жағынан зиянсыз. Жұқа әрі жеңіл заттардан құрастырылғандықтан ешқандай артық дыбыс шығармайды. Екі жарым метр биіктікке орналастырылатын қызғалдақ гүлі сағатына 2 киловатт қуат өндіреді. Бұл тұтатастай бір үй мен шалғайдағы жылжымалы нысандарды қамтуға жетеді.

 

МАҚСАТ ЖОЛДАСОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Бұл қондырғы әсіресе шағын шаруашылықтар үшін ыңғайлы болады. Өтйкені алып жүруге жеңіл әрі кез келген уақытта тоқ өндіреді. Сонысымен де тиімді. Әрі арзан болады.

Өзге елдерден сатып алынып жатқан осыған ұқсас қондырғылар көп жағдайда біздің ауа-райына есептелмеген. Сондықтан да олар жел екпіні 5 тен 25 метр жылдамдыққа жеткенде ғана қозғалысқа түсіп қуат көзін өндіреді. Ал, бұл туындының тиімділігі күн көзін бұлт жапқан жағдайда да өкпек жел болса жеткілікті. Оған қоса құрылғыны қатты жел кезінде тиісті деңгейде айналдырып тұратын тежегіші де бар екен.

 

МАҚСАТ ЖОЛДАСОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Қондырғының басындағы гүлі қай жақтан жел соқса сол жаққа қарай айналып тоқ өндіре береді. Және қосымша қондырғының арқасында желдің екпініне қарай қалақшаларды бұрып отыруға болады.Және бұның өзі де алыстан мен мұндалап көрік беріп тұрады.

Демеуші табылса, өнертапқыш құрылғыны өндіріске енгізігісі келеді. Оның айтуынша қондырғы әсіресе ауыл тұрғындары мен шаруалар үшін тиімді тиімді болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер