Үздік тәжірибелер алаңы деп айдар таққан бұл павильонның атауынан ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Мұндағы жаңашылдық кез-келген адамды бей-жай қалдырмасы анық. Мәселен мына еден тақтайшалары көзге қарапайым көрінгенімен қызметі ауқымды. Олар сіздің энергияңыз арқылы  бірнеше  фотокамераларды қуаттай алады.

 

АРУЖАН ДӘРІБАЙ, СТЕНДШІ:

 - Хитроу әуежайы қазірдің өзінде адамдардың қозғалысынан қуат алады. Сондай-ақ  Токио, Сингапур мен Үндістанда да британдық жоба кеңінен қолдау тапқан. Олар бұл идеяны  көшені жарықтандыруға қолданып келеді. Бірегей бастаманың артықшылығы оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ.

 

ЕРЖАН ДОКЕЕВ, СТЕНДШІ:

 - Мұндағы ауа коллекторы үйдің шатырына бекітіледі. Осы  арқылы энергия жинақталады.Бұл құрылғы жылы ауамен қатар күннің сәулесі мен шуағында бойына сіңіреді. Адамдар ағылып келіп жатыр. Мысалға бірер күн бұрын Украинаның азаматы қатты қызығушылық танытты. Ол өз елінде осы жобаны жүзеге асыруға бел буып отыр.

Қолданылмаған энергия жинақтала береді. Нәтижесінде үйге қажетті температураны сақтап тұрады. Антифриз құйылған құбыр да жылудың құбылуына жол бермейді. Ал мына бір экологиялық ұшақтың мүлде жөні бөлек.

 

АҚЕРКЕ ӘБІЛҚАСЫМ, СТЕНДШІ:

 - Осы ұшақ импульс деп аталады. Швейцариялық ІВВ компаниясының жобасы. 2016 жылы дүниежүзін күніне бір рет тек қана күн энергиясын қолдана отыра айналып өткен. Жанармайсыз. Бортта коллекторлар орналасқан. Сол коллекторға ол күннің артық энергиясын жинайды. Және де түнде күн жоқ кезде сол коллектордан алады энегияны.

 

Күллі әлем көз тіккен EXPO көрмесіне келушілер мұндағы жаңашылдықты өздері де қолданып көре алады.Тек нұсқаушының кеңесіне құлақ асса болғаны.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер