Күні бүгінге дейін халықаралық көрмедегі Қазақстанның сфералық ғимаратын 300 мыңнан астам азамат тамашалап, әр қабатында ұсынылған жел, күн, биомасса, су және ғарыш энергиясының үлгілерімен жан-жақты танысқан. Әлем бойынша өндірілетін энергияның 16,4%-ы судан алынады. Ал, жаңартылған қуат көзінің 76 пайызы тап осы салаға тиесілі. Сондықтан, павильонынның бір қабатында сарқырама, теңіз, өзен суларын тиімді пайдаланудың түрлі жолдары көрсетілген.

Мәселен, мына жылан тәрізді пеламис қозғалған сайын тәулігіне шамамен 750 кВт қуат көзі өндіріледі. Ал мынау гидрокинетикалық турбина. Бұл дәстүрлі бөгеттердің баламасы саналады. Оның көмегімен қуат көзін өндіру үшін, өзен арнасын бұрудың қажеті жоқ. Жалпы тубиналар ауыл шаруашылығында үлкен сұранысқа ие болары хақ.Сондай-ақ, павильонға 9,10, 18 ғасырда пайдаланылған гидротехника түрлері қойылған.

 

ҒИБРАТ ӘДІЛБАЙ, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл жердегі су дірмені 18 ғасырдағы Хаома өзеніндегі прототип болып табылады. Бұл жерде сіз су диірменінің қалай жұмыс істейтінін көре аласыз. Бұл сағатына 100 кВт энергияны өндіреді.

Гидротехниканың қалай дамығандығымен интеркативті ойын барысында да танысуға болады. Балалар үшін танымды әрі өте қызықты. Көпіршікті басып, ойынды жалғастырсаңыз, су өндірісінде пайдаланылған 15 техника туралы жан-жақты мағлұмат аласыз.

 

ҒИБРАТ ӘДІЛБАЙ, ПАВИЛЬОН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл инсталяция жауынды су қоймасы деп аталады. Былай жүрсеңіздер бұл жерде екінші инсталяция. Бұл бөгеттерге арналған. Бұл да балаларға өт қызықты ойын болып табылады. Былай қойып, энергияны қалай алынатынын, судың қайда баратынын көре аламыз. Мынау Архимед бұрандасы деп аталады. Мына жерді өзіне тартып, суды жоғары көтереміз. Тәжірибе ретінде 9 ғасырда ауылдарда суды көбірек өндіру үшін қолданылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер