ЭКСПО аясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күні өтті. Конференцияға ЭЫДҰ-ның сарапшылары мен қазақстандық үкімет өкілдері қатысты. Жиында Орталық Азияда су ресурстарын басқару, «жасыл дамуды» қолдау және халықтың тұрмысын жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ инновацияларды құрастыру, білім беру саласын дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру жайы да назардан тыс қалмады.  Басқосу барысында сарапшылар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Қазақстанның әріпстестігін жоғары бағалады. Олардың айтуынша, еліміз үздік 30 елдің қатарына ену үшін уақытылы әрі нақты қадамдар жасауда.

 

УИЛЬЯМ ТОМПСОН, ЭЫДҰ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ең алдымен, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірнеше комитетіне мүше атанды. Экономикалық департаментіміздің жұмысына белсенді араласа бастады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның жасыл экономиканы дамыту бағдарламасында да Қазақстанға айтарлықтай міндеттер жүктелген. Осының арқасында сіздердің елдеріңіз тәжірибе алмасу және жаңа стандарттарды дамыту ісіне қатыса алады.

 

Еліміз ЕЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі декларациясын қабылдаған болатын. «Бұл құжат ұйымның басты құралдарының бірі. Сондықтан оны қабылдау Қазақстан үшін аса маңызды»,-дейді сарапшылар. Декларацияға инвестициялық саясат қана емес, бизнес жауапкершілігіне байланысты ұсынымдар да енген. Қазан айында Қазақстан бұл мәселе бойынша өз есебін жарияламақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер